Демалыста қандай кино көруге болады?

Oinet.kz 16-07-2020 1649

Үнді кино индустриясы Голливудтан кейінгі көрермені көп кеңістік. Жаңалыққа толы шиеленіске бай сюжет қай жанр болмасын езуге күлкі үйіреді. Кей фильм қиялға толы, кей фильм реал өмірдің бөлшегіндей.  Назарларыңызға керемет демалыс сыйлайтын үнді киносының жауһарларын ұсынамыз!

Пи Кей

Жанр: Комедия, драма, фэнтези

image.png

Еуропалық комедияға ұқсас стиль мен сюжет- соңғы жылдардағы ең танымал үнді фильмінің элементіне айналған. Киножұлдыз , продюсер Аамир Кхан жатпланеталық ретінде жерге келеді. ПиКей - адам табиғатын зерттеу үшін жерге келген жатғаламшарлық. Ғарыш кемесін қашықтан басқару пультінен айырылған ПиКей суық қарсы алған адамдар арасында өмір сүруге мәжбүр болады.  Жаттанды сюжеттей көрінгенімен ПиКей ешқандай батырлық, жаһанды құтқарушы физикалық әрекетке бармайды. Тек адамдардың мәне-құлқына қатысты зерттеу жүргізіп, «ақымақ» ұғымының аясын тарылтады. 

Дангал

Жанр: Драма, Боевик, биографиялық фильм 

image.png

Аамир Кханның ұшқыр ойлы фильмдерінің бірі.  Кино комедиялық жанрдан алшақ драмма, дегенмен ерік-жігерді байытушы қасиетке ие. Батырлықты ұл баланың күшінен емес,  адамның талапшыл сипатымен әдемі образдаған. Махавир Сингх Пхогаттың спорттық карьерасы қаржы жетіспеушілігінің салдарынан жақсы болмайды. Бірақ кейіпкер ұлының Олимп шыңын бағындыруын арман етеді. Тағдырдың ойыны болар, Махавирдің төрт қызы болады. Арманына қош айтқан кейіпкер қызының сыныптастарымен алысқанын көріп үміт отын жылт еткізеді.Фильм үнді қоғамындағы әйел образының тым төмен дәрежеде сипатталатынын көрсетуге ұмтылады. 

Жердегі жұлдыздар

Жанр: Драма 

image.png

Сегіз жасар Ишан Австи қиял әлемінде патшалық құрады. Оның болмысын, ішкі пікірн сыртқы орта түмінгісі келмейді. Ғажайып фильмнің режиссері Амиир Кхан фильмде ойға сыймас деңгейде бетбұрыс жасайды. Сабақ үлгерімі төмен бала интернатқа барып ұздік оқушыға айналады. Бала-шырақ, шамын жағар ұстаз болса ғана. Ишанның үміт отын сурет пәнінің мұғалімі жалындатады. Баланың бойындағы таланты ашыла түседі. Дислекция диагнозы талай танымал адамдардың бойында болған. Ишанда да бұл ауру бар.  Кей дертті дарынға айналдыру қоғам мүшелерінің қолында екенін фильм сюжеті арқылы ұқтырады. 

Суреттер ашық дереккөзден алынды

Ұл балаға айтылмайтын сөздер
25 жасында бес баланың анасы атанған жамбылдық ару туралы білесіз бе (фото)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу