Ата-анасы нәрестені тірідей көміп тастаған
Үндістанның Гуджарат штатында ата-анасы қателесіп баланы тірідей көміп тастаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған Oinet.kz сайты.
Келесі күні таңертең өтіп бара жатқан адам топырақ астынан жаңа туған қызды тауып алған. Ол тірі болған және жылаған. Ер адам көршілерін шақырып, оны қазып алған және жедел жәрдем шақырған. Дәрігерлерді күтпей, жергілікті екі тұрғын оны жақын жердегі емханаға апарған.
Емхана қызметкерлері қызды таныды. Нәресте жүктіліктің 24 аптасында, яғни әдеттегіден екі жарым ай бұрын дүниеге келген. Емханада жаңа туған нәрестелер үшін реанимация болмаған, сондықтан дәрігер ата-анасына қызын жеке ауруханаға апаруды ұсынған.
Ата-анасының айтуынша, үйге қайтып бара жатқан кезде сәби қимылдамай қалған. Олар жаңа туған нәресте шетінеді деп ойлап, оны бірден жерлеген. Қызды 12 сағаттан кейін тауып, жансақтау бөліміне жеткізді, бірақ 30 сағаттан кейін ол көз жүмды.