Қылмыс тіркелмейтін ауылдар...
26-01-2024
Бүгін Алматыға кіре берістегі блок бекетте орын алған жол апатынан екі полиция қызметкері көз жұмды. Қайғылы хабардан қабырғасы қайысқан марқұм Дастан Әбдіқановтың жары әлеуметтік желіде күйеуіне арнап жүрекжарды жазба қалдырды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
"Махаббатым, бізді неге тастап кеттің. Мен сені өте қатты сүйемін. Бұның болғанына сене алар емеспін. Сен өте керемет әке және адал жар едің. Біз ұлың екеуміз сені қатты жақсы көреміз. Сен әрдайым біздің жүрегімізде боласың. Ұлың үшін мәңгілікке қаһарман болып қаласың. Сен менің қорғаным әрі жарығым едің. Саған үш жылдық бақытты өмір үшін алғысымды білдіргім келеді.
Сен тым ерте кеттің. Ал біз болсақ, ойластырған барлық жоспарымызды жасап үлгермедік. Мен әрі қарай қалай өмір сүретінімді білмеймін. Егерде тағдырдың тәлкегіне шыдамасам, кешір мені. Біздің ұлымызды жебей жүр. Сені сені сүйемін, бұйрабасым", - деп жазды Динара Аман