Болгария «Бентлиді» не үшін жақтырмайды?

Oinet.kz 03-07-2009 936

Screenshot_8.jpg

Англияның мақтанышына айналған «Бентли»  маркалы көлігін білмейтін жан жоқ, сірә.  Әйгілі «Ролс-Ройспен» қатар тұратын «Бентли»  – кез-келген көлік жүргізушінің арманы. Дегенмен, Болгариядағы «Бентли» жүргізушілеріне тықыр таянды. Бұл елдің  салық агенттігі   «Бентли» көлігі иелерінің  табысын тексере бастады.  Қазіргі таңда мемлекетте тіркелген  «Бентли» маркалы автокөліктерінің саны 105-ке жетіпті. Болгария ұлттық салық агенттігі таратқан мәліметіне жүгінсек, осы 105 азамат қымбат көлікті  қалай сатып алған, түскен табысының заңдылығын жан-жақты тексерілмек. Басты назар салық төлеу мәселесіне қойылады. Тіпті, елеусіз кемшіліктер табылса да ең жоғары айыппұл белгіленбек. Себебі, «Бентлиді» сатып алуға шамасы жеткен азамат кез-келген айыппұлды төлеуге қабілеті бар. 

Бір ғана нәрсе түсініксіз: Болгария неге дәл осы «Бентлиге» шүйлікті? Неге «Феррари» немесе «Порше» емес? Ең қымбат көліктердің рейтингісінде «Бентлиден» де озған темір тұлпарлар бар. Қалай дегенмен, қазақстандық салық органдары  үлгі  аларлық бастама екен. 

Англияда ең көп ішетіндер кім?
Шехерезат пен Онур үйленгелі жатыр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу