Болатбек Әлиев елді тағы шулатып жатыр
21-06-2023
Барно Юсупованың айтуынша, оны енесі көк ала қойдай сабайды. Көзін көгерткені былай тұрсын, енді үш баласымен далаға қаңғыртып жіберген. Айтуынша, қайын жұрты балағат сөздер айтып, жазықсыз жала жабады екен.
Ал енесі келіннің сөздері қып-қызыл өтірік деп отыр. Десе де енесі келінін таяқтап ұрғанын мойындайды.
Ене мен келіннің арасындағы жанжалға деген көзқарас "Астарлы ақиқат" аудиториясында да екіге бөлінді.