Ғұмырлық сезім

Oinet.kz 01-02-2020 1266

unnamed (1).jpg

Жалғыздық - жаратқанға ғана жарасқан. Жартымды тауып жар етер күнді асыға күтер жандардың қатарынанмын. Тойға айтар тілегіңіз болса дайындай жүріңіз. Ол күнде алыс емес...

Ақ боз атқа мініп, ескінің сал серілерінше қалыңдық іздеп жолға шықпасақта, жар болар жанды көп іздегенім жасырын емес. Талай бұрымдыға да, ақылдыға да, ақылсыз жандарға да жолықтым. Бірақ, бірде-бірінде ұзақ аяңдап қалып көрмеппін. Мұнымды қыз құмарлық деп атасаңыз, жарайды, өзіңіз білесіз...

Өтірік сезімдер жүйесінің тоғысына тоқылуды көруден көзім әбден шаршаған. Ғұмырлық сезім, ғұмырлық жарымды көруді де Аллаһ көп күттірмеді. Мен шексіз разымын... Оның көзіннен өзімді көрген сәтте, бақыт деп аталатын ұғымның не екенін түсіндім. Оның күлкісін көрген сәтте жан-дүнием керемет бір рахатқа бататынын байқадым. Сондықтан да сол бір жан күлу үшін күн сайын неше түрлі қияли әңгімелер құрастырып жүргенімді білмейсіз ғой. Жүрегінде басқаларға деген арамдық та, озбырлық та сақтай алмайтын бейкүнә ғана пәк қыз. Көп мақтап көлгірси бермейін. Барлығы уақытымен бола жатар. Әзірге, біз бақыттымыз... Аллаға сансыз шүкіршілік!!!

Едіге Батыр

Қолы жабысып қалған ұры
Енесінен таяқ жеп, балағат естіген келін енесіне шағымданып отыр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу