Екі жылқы туралы әңгіме

Oinet.kz 01-02-2020 1951

Баяғыда бір саудагер, екі жылқысына ауыр жүктерін артып, көрші ауылдағы жәрмеңкеге сауда жасауға бара жатыр екен. Жарты жолға жеткенде, артындағы жылқы үстіндегі жүгін көтергісі келмей әкістеніп, өтіріктен ауырсынады. Саудагер, жылқым шаршайын деген екен деп жаны ашып, жарты жүгін алдыда келе жатқан жылқыға артып береді. Біраз жол жүрген соң жаңағы жылқы тағыда әкістеніп, қисалаңдайды. Сол кезде егесі жылқы үстіндегі барлық жүгін шешіп алып, алдында келе жатқан жылқыға артады. Ал алдыңғы жылқы болса, үстіне қанша ауыр жүк артылса да былқ етпей, аяғын нық басып, ауырлыққа шыдап жүре береді. Біраз жолдан кейін жүктен босатылған жылқы, артта келе жатып тырқылдап күліпті. Бұны естіген алдыңғы жылқы:
- Неменеңе мәзсің? Қазыр ғана өлейін деп келе жатыр едіңғой, - депті
Сонда әкіс жылқы:
- Еее, досым-ай, қиындыққа қаншалықты төзіп, шыдай берсең, соншалықты сені ел қинай береді. Осындай қиын сәттерде мен сияқты амалын тауып, құтылып кетпесең, өмірің осылай азаппен өтеді, - депті.
Сөйтіп, біраз уақыттан соң діттеген жәрмеңкеге де жетіп, саудагер бүгіл тауарын сатып болғасын, үйіне қайтайын деп жиналыпты. Екі жылқысын да бірдей суарып, жемін береді. Сосын, ұзақ жолға шыдамды екен, ауыр жүкті арқалағанға төзімді екен деп бүткіл ауырлықты арқалаған жылқысын қайта ерттеп мініп алады. Осал жылқысына қарап тұрып ішінен былай ойлапты:
- Егер екі жылқы көтеретін жүгімнің бәрін бір жылқы көтере алатын болса, онда екінші жылқыны артық қылып қайтем, - деп әкіс жылқысын жер жыртатын шаруаға сатып жіберіпті.

Картинки по запросу "екі жылқы""

Бос уақыт жоқ, босқа өткен уақыт бар
Кім кінәлі?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу