Кім кінәлі?

Oinet.kz 02-02-2020 1427

Бірде байдың үйіне бір қайыршы келіпті. Дарбазаны қағып тұрған қайыршыны көргенде, бай дереу сандықтағы барын буып-түйіп алып шығып әлгіге ұстатыпты. Өзі үйге кіріпті де басын ұстап жылай бастапты. 

белгісіз.jpg

Әйелі:

«Отағасы, неге жылайсыз? Әлде берген заттарға ішіңіз ашып қалды ма?» деп сұрағанда, ол: 

«Бұл қайыршы менің баяғы досым екен. Әркез халін сұрап, уақытында көмектескенімде, бәлкім, мұндай күйге түспес пе еді. Бұған мен де кінәлімін» - деп жауап берген екен. 

Екі жылқы туралы әңгіме
Адам өзінің жақсы екенін қалай біледі?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу