Әке-шеше сатамын

Oinet.kz 26-01-2020 2757

Бұл хикая Жапон елінде болыпты. Токионың ең атақты газеттерінің бірі өзгеше хабарландыру басыпты. Мазмұны мынадай: «Әке-шеше сатам. Әкем 70, анам 65 жаста. Бағасы –мың иен. Бір тиын да түспеймін!»

Әке!.jpg

Хабарландыруды оқыған адамдар таң қалысады. «Сұмдық-ақ, ақырзаман деген осы екен-ау, енді балалар әке-шешесін сататын болған ба?» Кейбіреу оған: «Билік мұндайға қалайша жол берген» — деп кейіпті. Хабарландыруға байланысты көп шу шығады. Жұрт біршама уақыт бойы дүрлігеді. Оны үйде, көшеде, жұмыста, бүкіл ел болып ортаға салыпты.

Осы хабарландыру берілген газет, бір жас отбасының шаңырағына да келіпті. Олар жуырда ғана көлік апатынан қайтыс болған ата-аналарының асын беріп болған екен. Жоқтау айтып, қайғырып отырған жас отбасы өзге біреудің ата-анасын сатқысы келгенін хайуандық деп бағалайды. Байқұс ата-ана қандай күй кешіп жатыр екен деп қатты уайымдайды. Мұндай ұрпақтан не жақсылық күтуге болады.

Жас отбасы сол хабарландыруды алып, қартайғанда бейшараның күйін кешіп, туған баласы бас тартқан мүсәпір «әке-шешені» сатып алмақ болады. Оларды үйлеріне әкеліп перзенттік махаббатқа кенелтейік деп шешеді. Ақ ниетті жандар көрсетілген мекен-жайға да жетеді. Келсе, алдарынан зәулім үй шығады. Хабарландырудан қате кеткен шығар деп ойлайды жастар. Дегенмен, есіктің қоңырауын басып күтеді. Есікті жасы келген ақсақал ашады. Жылы күлімсіреген ол бұлардың не үшін келгенін байсалды түрде тыңдайды. «Бәлкім, біз адасып кеткен шығармыз?» деген сөздерге ақсақал: «Жоқ, сіздер тура келдіңіздер, Үйге кіріңіздер», -деп жастарды төрге отырғызады. «Қазір мен бәйбішемді шақырайын», – деп өзі ішкі бөлмеге кіріп кетеді. Кемпірін жетектеп, екеуі тез оралады.

Сосын, жастарға жағдайды былай деп түсіндірген екен: «Бұл үйдің иесі- біз. Бұдан да өзге құнды дүние – мүлкіміз мол. Бірақ біздің баламыз жоқ. Жиған-тергеніміздің барлығын ертең кімге қалдырарымызды білмейміз. Не де болса, иманды, ізгі ниетті, жақсы адамның қолына қалдырайық дедік. Сол үшін өзгеше хабарландыру берген едік. Мұндай хабарға тек ар-намысы мол адам ғана жауап қатар деп шештік. Мұндай тауарға сатып алушы табылатынына күмәнді едік. Сіздердің ниеттеріңіз- абройлы әрекет. Бізге зор қуаныш сыйладыңыздар. Біз іздеген жақсы адамдар сіздер екенсіздер. Ендеше біз бар дүние-мүлкімізді сіздерге қалдырғымыз келеді»

Әңгіме әлеуметтік желіден алынды

Өмір туралы өлең
Бос уақыт жоқ, босқа өткен уақыт бар
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу