Өмір туралы өлең
Ісіңмен көзге түссең дараланып,
Бастықтың саған жылы қарары анық.
Шын сөзді өткізе алмай жүргеніңде,
Кей кезде өтіріктің жарары анық.
Биліктің бүгіні -бар, ертеңі - жоқ,
Ақылмен шыққандар аз сараланып,
Сондықтан өзіңе өзің сенген артық,
Сақтайсың абыройыңды бағаланып.
Жүргендер шам жарығын шыр айналып,
Шырмауынан шыға алмас кіл байланып.
Ақиқаттың айбары тұрса өңіңде,
Жүресің ашық-жарқын сыр ақтарып.
Серік Дербісбаев