Аша Матай мен Арман Қоңыр екінші қыздарына ерекше есім қойды
"Қалаулым" бағдарламасын жүргізіп танымал болған әнші-актриса Аша Матай мен оның күйеуі әнші Арман Қоңырдың екінші қыздары дүниеге келді. Жұлдызды жұп оған есім таңдап қойды деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
Арман Қоңыр Инстаграмдағы парақшасында жаңа туған қызымен түскен фотоны жүктеп, астына "Айым Арманқызы" деп жазып қойған. Яғни, екінші қыздарының есімі - Айым.
Еске сала кетейік, Аша Матай мен Арманның тұңғыш қыздарының есімі - Асылым.