Баланың әкесіне қойған қиын сұрағы

Oinet.kz 18-12-2019 1875

Бала әкесіне сауал қойды:

"Сіздер бұрын технология бүгінгідей дамымаған заманда қалай тіршілік еттіңіздер?"

Қымбат жекеменшік машина жоқ,

Интернет жоқ, 

Компютер жоқ,

Теледидар жоқ, 

Телефон жоқ,

Фейзбук жоқ,

Юутүб жоқ...жоқ ...жоқ"

Screenshot_2.jpg

Әке жауап беруде:

"Бізде, тыныштық, береке, бірлік бар еді. Бақытты едік"

Қазіргі ұрпақтың көбінде:

Тыныштық жоқ; 

Қанағат жоқ; 

Мейрім жоқ; 

Намыс жоқ; 

Үлкенге құрмет, кішіге ізеттілік жоқ; 

Адамгершілік, кішіпейілділік жоқ; 

Ар, ұят жоқ; 

Кітап оқу жоқ;

Береке, бірлік жоқ...

Біз социалистік дәуірде туғандар бақытты болатынбыз.

Бір класстың оқушылары бірге ойнап, бірге жұмыс істейтін. (Бір-біріне көмектесетін)

Бірлік бар. 

Теледидар мен кинодан еш жаман нәрсе көрмедік.

Тәрбие бар.

Интернеттегідей жалған емес, шынайы достарымыз болды.

Адалдық бар.

Шөлдесек,  зияндылығын біле тұра бағалы газды сусындарды бүгінгідей құмарлана ішпей-ақ, көбінесе таза бұлақ, бастау суын іштік.

Бір табақтан тамақтансақ та, үш тиындық суды бір ыдыстан ішсек те ауырмадық.

Денсаулық бар.

Әр күні тек қара көже ішсек те, тамаққа өкпелемедік.

Қанағат бар.

Бай, кедей деген болмады, киім-кешек, сумка, құрал-жабдықтарымыз бірдей болды. 

Теңдік бар.

Қарапайым заттардан өзіміз құрастырған ойыншықтарымыз болды.

Қанағат бар.

Ата-анамыз ақша туралы емес, адалдық, адамгершілік жайлы тәрбие берді.

Тәрбие бар.

Білімді телефонға емес, басымызға сақтадық. 

Білім бар.

Ағайын мен көршімен арада барып-келіс, береке, бірлік болды.

Бірлік бар.

Фотосуреттер қара болғанымен, жүректеріміз ақ болатын. 

Адамгершілік бар.

Бар...бар...бар 

Ал қазір...

Біз бұрын үлкендерді сыйлап, мұғалімнен қорыққан болатынбыз, ал кәзір кішіге ізет жасап, оқушыдан қорқатын адамдар тобырымыз. 

Келер ұрпақ қалай болар екен деп алаңдаймыз. 

Біздің болашағымыз балалар аман болсын. Келешегіміз келер ұрпақ бақытты болсын.

Келіссеңіз бөлісіп пікір қосыңыздар... Менікі жәй ой толғау ғана...

Бақыт – бір сәттік
Қалай бақытты болуға болады?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу