Қалай бақытты болуға болады?

Oinet.kz 19-05-2019 1042

Бақыт- шуақты өміріміздің бөліп алуға келмейтін бөлшегі деуге болады. Өмірдегі әр пенде бақытты болуға ынтық. Бірақ оған жетудің жолы қарапайым емес-ті. Француз жазушысы Гюго айтқандай «Шын бақытты болу үшін- бақытты сезіну жеткіліксіз, адам бақытқа лайықты болуы керек». Оған лайықты болу үшін еңбек етуге тура келеді, сонда әр адамға өзінің бақытының құпиясы ашылады. Ол үшін психологтар ұсынған мына қағидаларды өміріңізге енгізе жүріңіз, сонда сіз бақытты сезінудің құпиясын табасыз.

810ba408c45b251b7e3d5637ed74dda0.jpg

- Бақытты болу үшін адам әрдайым оптимист болу керек. Қиындыққа тап болсаңыз, қайғыруды емес, одан шығар жолды іздеңіз. Қателік жасасаңыз, сабақ алыңыз. Әрдайым жақсылықтан үмітті болыңыз.

- Әр уақытта күліп жүріңіз. Өзіңізге ғана емес, өзгелерге де бақыт сыйлау арқылы, өзіңізді әлдеқайда жеңіл, әрі көтеріңкі көңіл-күйде сезінетін боласыз.

- Барыңызға қанағат етіңіз. Қолыңыздағы ісіңізге, айналаңыздағы дүниелер мен жандардың барына көңіліңіз толсын. «Менде неге ондай жоқ», «Неге менің өмірім өзгелергей емес» сынды ойдан аулақ болыңыз. Бұл сіздің бойыңыздағы оптимистікке қарсы келетін болады.

- Өзіңізді өзгелерден салыстырудан аулақ болыңыз. Өзгелерге еліктеудің қажеті жоқ. Өзіңізді сүйе біліңіз. Сіз-жақсысыз әрі кереметсіз. Табиғи қалыпыңызды сақтай алыңыз.Өзін сүйген адам - бақытты екенін есте сақтаңыз.

- Бойыңызда қандай кемшілік бар, соны жөндеуге ынтық болыңыз. Айналаңызға мейіріммен қарауға, жақсылық жасауға, қамқор болуға тырсыңыз.

- Өзіңізді дамытыңыз. Жаңа қырынан өзіңізді ұштауға күш салыңыз. Сырт келбетпен қатар,ішкі әлеміңізде де өзгерістер орнасын. Жаңа кітап оқыңыз, саябақта жеке серуен құрып, ойыңызды ішіңізден талқылап, болашаққа мақсат құрыңыз. Бір орында қалмаңыз.

- Бақыттың басты элементі – отбасы әрі сіздің достарыңыз. Сізді кез-келген жайтта қолдар жандармен жақын қарым-қатынаста болыңыз. Көбірек уақытты осы жандармен өткізіңіз. Олар біздің қандай жағдай болмасын қасымыздан табылар жанашырларымыз.

Мінекей, бақыттың сыры осыларда. Бір қызығы әр адам осы қағидаларды өміріне енгізе жүріп, саналарына әртүрлі түсінік қалыптастырады. Былайша айтқанда, әркім өзі үшін бақыт сырын ашады. Сіз де өзіңіз үшін беймәлім сырды ашып, бақыт дәмін татыңыз! Бақытты болуды армандамаңыз, әрекет етіңіз!

Дана Ерланқызы

Баланың әкесіне қойған қиын сұрағы
Нельсон Мандела - өлімнен қаймықпаған жеңімпаз
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу