Әркімнің түсінігіндегі махаббат

Oinet.kz 12-12-2016 910

Махабатты әркім әрқалай түсінеді. Бірі үшін – майдан әлемі, бірі үшін – мәңгілік нәзіктік. Сіздің ойыңыздағы махаббат қандай? Сазгердің махаббат жайлы түсінгені:  Бір жүректе екі махаббат өмір сүре алмайды.  Бір кеңістікте екі түрлі әуенді ойнауға болмайтыны сияқты.  Аспаздың махаббат жайлы түсінгені:  Сорпа мен махаббат ыстық кезінде дәмдірек болады.  Бірақ тым ыстық болса күйіп қалуың мүмкін.  

image.png

Антропологтың махаббат жайлы түсінгені:  Егер мен аустралопитек болсам, енді ғана пайда болған қос қолыммен сені құшақтап, хомо-эректус болсам сенің түніңе отпен жарық сыйлап, хомо-сапиенс болсам жанымды шүберекке түйіп сен үшін аң аулар едім.  Электротехнологтың махаббат жайлы түсінгені:  B=kI/r (магниттік өріс пен қашықтық кері пропорционалды) деген формуланы махаббат теріске шығара алады. Сен қанша алыста болсаң да менің махаббатым әлсіреген емес.  Бағбанның махаббат жайлы түсінгені:  Тилландсияға үш күнде бір рет, гринсуанға айына бір рет су құю керек. Егер керісінше істесеңіз, тилландсия қурап қалады да, гринсуан шіріп кетеді. Махаббат дегеніміз - ол адамға не керегін түсіну.  Астрономның махаббат жайлы түсінгені:  Оның өмірі көктемгі Арктур жұлдызындай жарық шашқан кезде де, күзгі Алиса жұлдызындай көмескі тартқан кезде де, ол менің көзіме әрдайым сәулесі сөнбейтін Сүмбіледей көрінеді.  Ақынның махаббат жайлы түсінгені:  Сенімен бірге өткізген күнім Джон Китстың өлеңіндей сезімтал, сенсіз өткен сағатым Феогнидтің жырларындай мұңға толы.

Дереккөз: "Just Passsion" тобы

Ғұмыр кезеңдері: Бастапқы кезең
Саусақ сыр айтады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу