Қашан күн бататынын саусақпен білу әдісі
15-04-2021
Хиромант мамандар саусақты пішіміне қарай үшкір, төртбұрышты, доғал, салалы, қысқа деп беске бөледі. Үшкір саусақ - Хирономия ілімі бойынша мұндай саусақ іскер,қызуқанды,әсершіл,шешемтал адамға бітеді.Сондай-ақ хироном мамандар үшкір саусақ иелері не нәрсеге де шыдамсыз,тұрақсыз,құбылмалы,жұрттың айтқанына ергіш,сенгіш келеді деп есептейді. Кейбірінің тіпті жеңілтек,қатыгез болуы да ықтимал екенін ескертеді. Төртбұрыш саусақ - Хирономия мұндай саусақты адамның тәртіпті,жинақы,табанды,ынталы һәм досқа адал болатынын айтады. Салт-дәстүрді ұстануға,адам сыйлауға бейім келеді. Нақтылы ғылымдарды игеруге қабілетті,ерік-жігері мықты. Алайда төртбұрышты саусақ иелерінен өзгеге ұқсамайтын ерек қасиет иелері шыға бермейді,өзі түсініп,ұғуға шамасы жетпейтін нәрсені мойындауы қиын. Ойламы да,іс-әрекеті де тек нақтылыққа,материалдық негізге табан тірейді.
Мұнысы оның адымын аштырмай,күнделікті ұсақ-түйек тірліктің қызығына байлап тастайтын жағдайларда аз ұшырыспайды. Доғал саусақ - Саусақ бітімі мұндай жандар қайратты,жігерлі,дербес іс-әрекетке құштар һәм мақтан сүйгіштеу келеді. Басқаның ой-пікірімен санаса қоймайды,үнемі дерлік өзім білемін,өзімдікі дұрыс деген сенім жетегінде жүреді. Хирономия доғал саусақтылардан жұртты соңынан ерте білетін шешен-көсемдердің,мықты актерлардың жиі шығатынын алдыға тартады. Салалы саусақ - Мұндай адам қандай қиын шаруаны да қиналмай һәм мінсіз атқаруға қабілетті. Бауырмал,жақын-жуықтарына,дос-жарандарына қамқорлық жасауға әзір тұрады. Бірақ басына іс түскен,тығырыққа тірелген кездері тым ұсақтап,өзіне лайықсыз әрекеттерге бару,жоқтан өзгені қазбалап,жөн-жосықсыз қазымырлыққа салыну да салалы саусақтыларға жат қылық емес дейді хирономия. Сұқ саусақ - Оның ұзындығы ортаңғы саусақпен бірдей болса,онда ондай адамның әміршіл болу,даңқа жету мүмкіндігі өзгелерден әлдеқайда жоғары.наполеон т.б. көптеген даңқты қолбасшылардың,елбасылардың саусақ бітімі осының дәлелі,-дейді мамандар. Шынашақтың салалы болуын да хирономия билікке,байлыққа қол жеткізетіндіктің нышаны деп біледі.
Дереккөз: massaget.kz