«Винни Пух» мультфильмінің авторы туралы не білеміз?

Oinet.kz 12-12-2014 772

Мәскеуде 96 жасқа қараған шағында Кеңестер Одағының танымал мультипликаторы, режиссер, сценарист Федор  Хитрук дүниеден өтті.  Ол 1917 жылы Тверде дүниеге келген. Оның анимацияға деген қызығушылығы ескі диснейлік туындыларды көргеннен кейін оянған екен. «Союзмультфильм» студиясында 1938 жылдан бастап еңбек етеді.

image.png 

Оның қолынан ересектерге де, балаларға да арналған талай мульттуындылар шықты. Соның ішінде көпшілік көзайымына айналған «Винни-Пух» хикаясының кеңестік нұсқасын ерекше атап өту қажет. Орыстандырылған «Винни-Пух» 1969 жылы алғаш жарық көрген еді.

Федор Хитрук сондай-ақ «Каникулы Бонифация» (1965), «Фильм, фильм, фильм!» (1968), «Остров» (1973), «Икар и мудрецы» (1976), «Олимпионики» (1982), «Лев и бык» (1983) секілді мультфильмдерімен де танымал. Аниматор ретінде ол 102 фильмді, 200 шақты кейіпкерді жарыққа шығарды.

Мұрағаттан, 13.12.2012 ж

Саусақ сыр айтады
Неге жас ұлғайған сайын уақыт зымырай түседі?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу