Түрлі-түсті жүгері көргенсіз бе?

Oinet.kz 11-12-2014 850

Жүгері әдетте сары түсті болады. Бірақ жер бетінде дәндері түрлі-түсті жүгерілер де бар екен. «Glass Gem» деп аталатын  жүгері собығы тұқымын ойлап тапқан  Оклахоманың фермері Карл Барнс. Бірде ол жүгері собықтарының уақыт өте келе әр түрлі түсте болатынын аңғарған. Бұл деректің оны таңқалдырғаны соншалық, сосын ол бүкіл ғұмырын осы бір ауыл шаруашылық өнімінің өсіп-өнуіне жұмсапты. Барнстың жүгері тұқымының қанша түрін көбейтіп, қанша түрін ауыстырғаны белгісіз. Қайтыс болар кезінде бұл азамат асыл мұрасын басқа фермерге табыстап, ешқашан тұқымның жоғалмауын аманаттап кеткен екен. 

Screenshot_15.jpg

Бір жолы жүгері тұқымының бір уысы Аризонадағы шағын ауыл шаруашылық компаниясының иесі Билл Макдорменнің қолына түседі. Ол жүгерінің кереметін байқау үшін өзі егіп көреді. Өсіп шыққан соң, қараса...Содан бері  Билл Макдормен осы бір бағалы жүгері тұқымын сақтаумен шындап айналысады. Жүгері собығы веб-сайт арқылы сатылымға шыққан. 

Саят Медеуов: «Автосыншы» атанған әншімін»
«Тракторшының махаббаты». Әрі көпірме, әрі көшірме дүние
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу