Қуатты еселеудің амалдары

Oinet.kz 13-11-2019 1187

Бұл жаттығулар тәуліктің кез келген кезінде жасауға лайықталған. Олар денеге салмақ салады. Тәннің эфирлы, астралды, менталды қабілеттерін ашады. Адамның өзін тануға көмектеседі. Өзіңді түсінуге тырысасың. Өмірге көзқарасыңды өзгертеді. Өміріңізді сәл де болса жұмсақ, мәнді, тартымды етеді. Өз қуатыңызды еселеуге септеседі.

қуат.jpg

1. Таңертең оянып, көрген түсіңізді еске түсіріңіз. Егер түсіңіз тым күрделі болса, аяғын оймен жалғап жіберіңіз. Сіз үшін жақсы болып бітсін. Миыңыз сол түстің әсерінен шыға алмай тұрғанда, ал сіз қолдан не нәрсені де жасай алатын болғандықтан ішкі жан тыныштығыңызды өзіңізге өзіңіз қамтамасыз етіңіз. Сонда түйсігіңіз сезімтал болып, күніңіз жақсы басталады. Жақсы көңіл-күймен тұрған соң табысты күн болары сөзсіз.

2. Жан дүниеңе терең үңілу өз тағдырыңды өзің жасаушы етеді. Орныңнан тұрып, ағзаны серпілту керек. Аяқтың ұшына тұрып, секіру қажет. Шамамен 30 секундтай. Осылай қан жүре бастайды. Иығыңызды қозғалтып, денеңіздің қимылдайтынын сезініңіз. Оянып келе жатқаныңызды білесіз. Қалаған адам таңғы жүгіруге шығуы тіптен жақсы. Болмаса, бір орында 5 минут жүгірсеңіз пайдалы. Осы кезде бүкіл денені дірілдетіп, селкілдетіп тұру керек.

3. Қарсылықты душ. Салқын су – ұйқыны ашу үшін, ыстық су – адамның ішіндегі қуаты қан тамырмен таралып, адам ағзасынан 3-5 см шығады, сосын қайтадан салқын су – ағзаның а йналасындағы қуатты қалыптастыру үшін. Бұлай жуыну өте пайдалы. Ол адамға сергектік сыйлайды. Адамның күш-қуатын тасытады. Оған қоса суды өз сөзімен қуаттандыруға болады. Мысалы: Су –ауырлықты алып кет, жеңілдікті алып кел, қателікті жуып кет, жетістік пен сәттілікті маған бер деуге болады. Ең бастысы адамның суға деген ниеті. Өзіне не тілегісі келетінін судан тілесе, орындалатынына сенсін. Мұның барлығы менталды деңгейде орындалатын ережелер.

4. Айнаға күлу. Шамамен 1-3 минут. Өзіңізге қарап, көзіңізбен күлімдеңіз. Көзбен күлу беттің бұлшықетін жұмсартады. Сонда ерін жымиысты өзі табады. Көзбен күлгенде еріннің қозғалмауы – мүмкін емес. Мұндай күлкінің және бір тиімді тұсы адам тәнін толықтай жылы толқын шарпып өтеді. Көңіл-күйге ие болу өте маңызды. Өйткені, қуанышты күйге бөлену де күш-қуатты талап етеді. Сонда күніңіз жақсы өтеді. Сіз күлсеңіз, сізге де күліп қарайтындар кезедседі. Ұқсастар бір-бірін табады. Сондықтан күлкі он есе болып қайтатынына сенімді болыңыз.

5. Жұмысқа кетіп бара жатып

Жолда уақыт жоғалтпау үшін денеңізге лайықталған эфирлы жаттығу жасай отырыңыз. Адамның 7 чакрасы алдынан және артынан кіріп, шығатынын ескеріп жүріңіз. Жүрекпен тыныстау – жүрекпен ішке дем тартып, жарық пен махаббаттың жылуын сіңіріп, іштегі ауыр қуатты сыртқа шығарамыз. Бұлай тыныстаудың қосымша өзгешелігі – жылудың санадан өтіп жүрекке жетуі жеңілдейді. Жүрекпен тыныстау тәнді сыртынан қуаттандырады. Чакраларды оятып, белсенді ету үшін – әр чакраға бөлек тыныстау жасау қажет. 9 реттен әрбіріне. Қуат қайдан тез шығып, қай жержен тез сіңірілетініне назар саламыз. Ең соңында тағы да жүрекпен тыныстаймыз. Сыртқа шыққан қуатты 5-10 см жерге жібереміз.

Жұмыс

Жұмыстағы ахуалға қалай әсерленеміз? Не жағдай болса да оны басқа түскен сабақ сияқты қабылда. Жүрекке жақын алмай, ұрыспай, жүйкені тоздырмай, ойлап, дұрыс жауабын беруге талпыну керек. Мұндай жағдай неден туындады деп ойланып, бұл жағдаймен маған не айтқысы келді деген сұрақтарды қойып үйренуге талпыну қажет. Көзбен күлімдеудің маңызын ұмытпау. Адам ішінде от жанып тұрса, онда оның күлкісі сұлуландырады. Күлкі адамды қорғайды. Жұмыстан оралған соң – жұмыстағы көңіл-күйден арылып, үйдің, отбасының ауа-райына өтіп кету қажет.

Кеш

Әр адам қаласа да, қаламаса да сан алуан адамдармен араласуға мәжбүрміз. Көлікте, жұмыста, т.б. Үйге келген соң оны ыстық-суық душқа түсіп, жуып тастаңыз. Басында салқын су қосады. Бөтен адамның қуатын жоясыз. Сосын ыстық сумен – ішкі қуатыңыз сыртқа шықсын. Тағы да салқын су – тәніңізді қоршап тұрған қуат қабығыңызды қалыпты етіп, шегелеп тастасын. Жұмыстағы жағымды-жағымсыз жайды жұмыста қалдырыңыз. Туған-туысқа оң қабағыңызды беріңіз. Оларға аз да болса қуаныш, күлкі сыйлаңыз. Еркін әрі қуанышты босаңыз, үйдің тірлігіне емен-жарқын көше беріңіз.

Ұйқы алдында

Жұбайыңызбен шешілмеген мәселе бар болса, ұйықтамас бұрын онымен ашық сөйлесуге тырысыңыз. Оның да жаны жай таппай отырған шығар. Ұрысып алып ұйықтауға болмайды. Татуласуға тырысу керек. Ұйқы алдында 10-15 минут тыныштықта отырыңыз. Болған нәрсенің бәрін електен өткізіп, сабырға келіңіз. Баз кешіп, өзіңізді еркін сезініңіз. Сонда басқа түстер көре бастайсыз. Ұйқыңыз тынышталады. Әр адам өз өмірін жеңілдетуге осындай қадамдар жасаса, өзіне мән бере бастайды. Әр ісі мен сөзіне жауапкершілік алу керектігін түсінеді. Өмірді өзгертуге де септігі тиіп қалары сөзсіз.

Аударған Шынар Әбілдә

Баспана – әйелдің қуаты
Таным мен қағида
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу