Таным мен қағида

Oinet.kz 13-11-2019 900

1. Егер бір топтағы адамдар бір сәтте күлсе, онда әрбірі түйсікпен ұнататын адамына қарайды. Немесе кімді өзіне жақын санаса соған көзін салады.

2. Кейде мұқият жасайтын жұмысқа кіріскенде, жүйкеңізге салмақ түседі, ондайда сағыз шайнау керек. Әлде басқа бір зат шайнаған жөн. Бұл түйсік деңгейінде тыныштыққа бағыттайтын тәсіл. Себебі, адам тамақтанған кезде жаман ойдан аулақ болады.

3. Егер бір адам сізге қатты ашуланса, сабыр сақтасаңыз, әйтпесе ол адам өршелене түседі. Бірақ артынша өзінің қылығына қатты өкінетін болады.

4. Егер қойған сұраққа адам толық жауап бермесе, немесе қашқақтаса, қайтып сұрамаңыз. Одан да үндемей көзіне тіке қарасаңыз да жеткілікті. Жауап сізді қанағаттандырмағанды түсініп, сөзді өзі жалғайды.

5. Адамның бет әлпеті тек сезімнің табын ғана көрсетпейді. Бет әлпетке қарап, сол сезім туындауы да әбден мүмкін. Қарсы жақтың сезімі көңілді дөп басады. Өзін бақытты сезінгісі келетін адамдар жадырап, күліп жүргендері дұрыс. Күліп жүрген адамдарға ғашық болу оңай.

таным.jpeg

6. Сөйлескенде, хат алмасқан шақта «мен ойлаймын» немесе «солай сияқты» деген жаттанды тіркестерді қолданбаған дұрыс. Ол онсызда белгілі, бірақ осы сөзді айтқан адам өзіне деген сенімсіздігін көрсетіп тұрады.

7. Маңызды интервью кезінде сұрақ қоюшымен бұрыннан келе жатқан достық байланыстырады деп ойлаңыз. Кез келген жағдайда сенімді болуға өзіңіздің ішкі тыныштығыңыз себепші. Сабырлы қалпыңыз сұқбаттасыңызға тез беріледі.

8. Кездейсоқ кездесуге риясыз қуана білсек, келесі жолы сол адам сізді көргенде бұдан да қатты қуанатын болады.

9. Егер адам кішігірім жақсылық жасаса, онда одан зорын жасай алмағанын мойындағаны.

10. Сұқбаттастың аяғын қою әдебіне қарап ол туралы көп нәрсе ұғынуға болады. Екі аяқ киімі екі жаққа қарап тұрса, онда бұл адам әңгімені тезірек бітіргісі келетінін білдіреді.

11. Көп адамдар белгілі бір себеппен өзін жиналысқа салатын сәттерді бастан кешіреді. Мұндай кездерде сол ұрысатын адамның жанына отырғаны дұрыс. Оның ашуы алыстағыдан гөрі қатты болмайды. Айтпағын әлдеқайда майда тілмен жеткізеді.

12. Көп адам өзіңе деген сенімділіктің күш-қуатын сезіне бермейді. Өзінің сенімді екенін көрсете білсе, кез келген адам онымен жақын танысқысы келіп тұрады.

13. Қызмет көрсету саласында жұмыс істейтіндерге жақсы кеңес: арқа тұсыңа айна іліп қой. Адамдар өздерін әлдеқайда әдепті ұстайтын болады. Ешкімге ашулы кейіп ұнамайтыны анық.

14. Өте пайдалы әдет: танысқан адамның көз жанарының түсін байқап, айта жүріңіз. Ол адам өзі де сезбестен сізге деген ілтипаты өсе бастайды.

15. Бірінші кездесуге шақырғанда серігіңізді қызықты жерге апарғаныңыз дұрыс. Нәтижесінде жағымды көңіл күй осы кездесуді еске түсіріп тұратын болады.

Аударған Шынар Әбілдә

Қуатты еселеудің амалдары
Махаббат адамды қалай өзгертеді?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу