Текпен берілетін бағдарламаны қалай өзгертуге болады?

Oinet.kz 11-11-2019 1175

тепкен.jpg

Текпен берілетін бағдарлама жайында көп айтылады. Оны қалай өзгертсе болады? Егер отбасыда әйел атаулы өте мықты болса, еркектің қадірін білмесе, еркектері ішіп кететін болса, не істеу керек? Бұл бағдарлама – үкім бе? Апат па? Өзгертудің мүмкіндігі бар ма?

Мүмкіндік, әрине, бар. Бірақ нені қалай істеу керектігін адам өзі нақты түсінуі қажет. Текпен берілетін бағдарламаны өзгерту үшін ең алдымен түп-тамырды өзгерту маңызды емес, ол үшін анаң әкеңді сыйлауын талап етіп, не әжеңнен осал адам жасау бекер. Көп адам солай түсінеді. Әке-шешесін өзгертуге, тәрбиелеп отыруға құлшынып тұрады. Бұлай ету – жағдайды ушықтыра береді.

Тектегі өз орныңды біл. Ата-анаңнан сенің жолың кіші. Яғни, олардың сен үшін жасағанының бәрі – дұрыс. Осымен нүкте. Оларға солай жасау керек болды. Саған да содан өту пайдасын тигізгені. Сенің маңдайыңа жазылған сабақ. Болмысыңның іргетасы. Қабылда, кешір. Өткен өмірде ол ақталған сынақ болғаны. Ал келешекте қайтпек керек? Келешекті өзгерту өз қолыңда. Өзім өзгерттім, сондықтан айтып отырмын.

Өзіңді «тап қазір, дәл осы жерде» өзгерт. Өз нүктеңде, өз әлеміңде, өз санаңда, өз жүрегіңде өзгер. Өткен сынақтың бәрін рухани толысуға қажетті баспалдақ деп қарастыр. Алғысыңды білдір. Өзіңе басқа келешекті таңда.

Мәселен, сенің отбасыңда еркектердің бәрі осал, әйелдер доминант болған, олар ерін тек ұрпақ әкелу үшін ғана пайдаланды делік. Туғаннан естігенің еркектің бәрі оңбаған, есек, оларға сену бекер болсын. Әкеңді көрмей өстің. Көрсең де - жек көрдің. Құрметтей алмадың. Сенің өмір тарихың қандай болғаны маңызды емес. Маңыздысы – соның бәрін өзгерту өз қолыңда.

Өзгерту деген жалғызбасты анаңды отыз жыл көрмеген күйеуіне қайта қосу емес. Не әкеңмен басқаша сөйлесуді талап ету емес. Әр адамның өзінің кармалық мақсаттары болады. Артық карманы көтерме. Өзіңе қатысты «жүктің» де салмағы ауыр. Өз жүгіңді жеңілдетуге күш сал, өзгерісті өзіңнен баста.

Текпен берілетін бағдарлама не береді?

Бұл сенің автопилотыңның баптаулары. Яғни, сен автоматты түрде, бейсаналы түрде өзіңді тектегі бағдарлама бойынша ұстайсың. Егер ештеңені өзгертпесең, сол бағдарламадан ауытқымай өмір сүре бересің.

Еркектермен жарысып, келемеждеп, өзіңнен кем ұстап, өз меніңмен таптап кетіп жатқаныңды сезбей де қалуың мүмкін. Немесе өзіңнен құрбандық жасап, еркектен агрессор жасап аласың. Мұның барлығы өздігінен бола беретін сияқты. Себебі, бұл сенің қалыпты, әдеткі моделің. Өзгерте алмайтын қарғыс та, тағдыр да емес. Автопилот.

Текпен берілетін бағдарламаны өзгерту деген не?

Сол автопилотты өшіру деген сөз. Механикалық басқару режиміне көшу. Қайда ұшқың келетінін ойла. Солай қарай ұш.

Пилот болу үшін өте ұзақ оқиды. Сондықтан саған оқуға біраз уақыт кетіруге тура келеді. Бірден қолыңнан келмес. Егер келсе, онда да бәрі бір мезгілде емес.

Егер өзгермесең, қайда ұшып келетініңді көруге болады. Анаңа, әжеңе қара. Ұнай ма? Солар сияқты өмір сүргің келе ме? Онда дәл бүгінгідей өміріңді жалғастыра бер. Әрине, бұл тізімде Құдай өзі сақтаған жақсы отбасылар, жақсы үрдісті бағдарламалар болады. Ата-анасының жолы таза болса, ұл-қызының да жолы таза болмақ. Ұнамаса – өзгер!

Қалай өзгереді? Ақырындап. Бір қадам, екі қадам жасайсың. Ең алдымен еркектің бәрі адам екенін түсін. Әрбірі тұлға. Бақытты өз жүрегіңнен іздеп үйрен. Еркектен бақыт сұрама. Біреуден бақыт сұрау - балдақпен жүргім келеді деу. Еркекті құрметте. Күйеуіңе адал бол. Бар кемшілігімен қабылда. Сөйлесіп үйрен. Қарым-қатынасты ынтымаққа құрып үйрен. Бұл да бірден бола салмас. Қадам сайын жаңарып отыр. Еркектің сұранысын аңда. Оған алғыс айтып үйрен. Керегіңді сұра. Жүрегіңді аш. Оны мақта. Айтқанын тыңда. Шабыттандыр. Осы тұста әкеңмен байланысыңды реттеуге күш сал. Алдымен жүрекпен кешір, сөйлес, сосын өмірде жақсы көретініңді білдір.

Сол кезден бастап текпен берілетін бағдарлама өзгеріске ұшырай бастайды. Өткен өміріңдегі бағдарлама емес. Қазіргі. Анаң, бәлкім бұдан кейін күйеуге шықпас. Сені де онша түсіне қоймас. Әкеңе де басқаша көзбен қарамас. Бәрібір ол оңбаған дер. Ол солай дегенде құлағыңды жауып ал. Телефон тұтқасын тастай сал. Себебі анаңның таңдауы – осының бәрін айту, ал оны тыңдау не тыңдамау – сенің ырқыңда. Оған сену не сенбеу де өз ықыласыңдағы дүние. Осының бәрі сен үшін қаншалықты пайдалы екенін ойла.

Ал өзің үшін, сенің балаларың үшін келешек аздап басқаша болады. Өткенді өзгерте алмайсың. Ал келешекті қолдан жасауға болады. Ең бастысы – мұның бәрі не үшін, дұрысын айтқанда кім үшін маңызды болатынын білсең болғаны.

Ольга Валяева

Аударған Шынар Әбілдә

Өзгерістің табалдырығында тұрғандықтың 7 белгісі
Кішкентай ханзаданың айтқандары
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу