Теңіз кен орнында жұмысшы асылып қалды
06-07-2022
Өмірім қашан өзгереді деп алаң болсаңыз, арманым қашан орындалар деп көңіл күпті болса, өзгерістің жуық қалғанын сездіретін жеті белгіні біле жүріңіз! Бұның бәрі ғаламның сыйы! Уақыт жетті. Сын сағат басталды! Жаңа белеске көтерілудің сатысына жеттіңіз. Жаңа сападағы өмірге есік ашыңыз.
1. Қия алмай жүрген жанмен қоштасасыз. Қарым-қатынас бірер аптада біте салмайды, жанды қинайды, бірақ бұл кездейсоқтық емес. Іштей өзгерісті сезінгенсіз. Кезінде көңілді жай қылған жағдаяттар енді керісінше әсер етеді. Сіздің жаныңыз жаңарды. Ол адамды саналы түрде кеудесінен кері итермесеңіз де, өздігінен кейін ысырыла береді. Себебі, сізден шығатын сезімнің қуат тербелісі өзгерді. Кейбір өзгерістер драмаға ұласып жатады. Қатты күйзелтеді. Есесіне ол адамның кетісі сізбен бір толқында ойлай білетін, сіздің жан дертіңізді сезіне алатын, сіздік «менді» егіз санайтын жаңа жанға кеңістікті босатады.
2. Ғаламның белгісін байқап жүр. Артына қарап ойланған адам, кезіндегі өзгерістерде ғаламның өзі талай белгі бергенін санамалап шығады. Мысалы, үнемі бірдей сандарды жолықтыра береді. (11:11 немесе 777), біркелкі жануарларды, әлде жаңалыққа құлшындыратын белгіні көретін болады, сізді дұрыс бағытқа бұратын адамдармен кездесу кездейсоқ бола кетеді. Кейбір белгіні тек түйсікпен сезесіз. Ішкі дауысыңыз қазір бәрі өзгереді деп сыбырлап тұрғандай болады.
3. Бұрынғыдан басқаша ұйықтайтын боласыз. Бұның медициналық түсініктемесі жоқ. Көрген түстеріңіз де басқаша бола бастайды. Олар да жүрек пен санадағы өзгерістің келіп қалғанын ескертеді. Жаныңыз жаңғыратынын білген кезде ұйқышыл боп, ояну баяғыдай емес, қиындай түскенін байқайсыз. Миыңыз сіздің келешектен не күтетініңізді анықтауға бар нейронын жұмсап жатқаннан солай болар. Келешегіңізді анықтап алған сәттен бастап ұйқыңыз тынышталады, күш-қуатыңыз тасып, қалағаныңызға қол жеткізе аласыз.
4. Өзіңізді жайсыз сезінесіз. Бір орында ұзақ отырып қалғандай, не тығырықтан шыға алмай қалғандай күй кешесіз. Бұл не жұмыс, оқу, не қарым-қатынас болуы мүмкін. Кейде өмірмен синхрон жоқ екенін сезесіз. Немесе бөтен адамның өмірін сүріп жүргендей боласыз. Бұның барлығы өз өміріңізге деген немқұрайлылығыңызды білдіреді. Сіз өзгеріске дайынсыз.
5. Ескі стратегияның әсері болмайды. Өзгерістің кей белгісі мистикалық болып көрінгенмен, кейбірі өте пайдалы боп шығады. Мәселен, өзіңізді ұстауыңыз, бұрынғыдай шабыт іздеу мен айналадағы адамдармен тіл табысу еш нәтиже бермей тұр ма? Егер нәтиже бермесе, онда сіз қазіргі өмірдің соңғы деңгейіне жеттіңіз. Ұзақ мерзімді өзгеріске бел бусаңыз, жаңа белеске аттайсыз.
6. Ескі түйткілді шешуге белсене араласасыз. Сол сәтте ескі өмірден жаңа өмірге өткеніңізді сезесіз. Сондай кезде артқа көптеу жалтақтайсыз. Басқаша айтқанда, ескі жан жарасы, өкпе-наз, бітпеген қарым-қатынас, күдік-күмән жаныңызды жаулап алады. Бұл сіздің ғұмырнамаңыздағы бір тарау аяқталды деген сөз. Тарауды ұқыппен тәмамдаңыз. Шын өмірде ескі түйткілдің бәрін толық шешудің мүмкіндігі бола бермейді. Сондықтан хат қып жазыңыз, ойша ойлап, шешімін табыңыз. Бұл да көңілді тазалайтын тәсіл. Сонда жаңа фазаға алаңсыз өтесіз.
7. Бұрынғыдан әлдеқайда көңілшексіз. Көңіл күйдің аумалы-төкпелі болуы — өзгерістің хабаршысы, жалпы өмірлік белестің деңгейін өзгертетін белгі. Бұрынғыдай емес, жиі күлетініңізді байқайсыз. Немесе тез жылап қаласыз. Бір сөзбен айтқанда, сезімге ырық бересіз. Сізге түймедейдің бәрі түйедей боп көрініп, бәрі маңызды сияқты боп тұрады. Көңіл күйіңізді тежемеңіз. Бар нәрсені жасырмаңыз. Қабылдаңыз. Ары қарай нендей көмегі болуы мүмкін, соны анықтаңыз.
Аударған Шынар Әбілдә