Әйелді сүю

Oinet.kz 11-11-2019 1500

әйелді сүю.jpg

Жалпы алғанда егер күйеудің өзі әйелін бұзбаса, сезімін лайлап, жүрегін таптап кетпесе, өзінің бейшаралығымен, өзімшілдігімен, шектеулі ергежейлі санасымен, ұсақтыққа бейім жырынды жанымен оны кері ысырып, көңілін қалдырмаса, әйел заты оңайлықпен ешқашан күйеуін алдап, көзіне шөп салмайды.

Әйелді сүю керек! Ол сен үшін тек ұрғашы ғана емес, қымбат жан екенін түсінсін. Сенің балаң секілді, жан досың екенін сезінсін. Әрдайым құшақтап жүр. Жаурамасын. Жан жылуыңмен бөліс. Сонда көңілі көншиді. Жыл өткен сайын саған жақынырақ болады. Ақырында бір-біріңе кірігіп кеткендерің сонша, бір-біріңді егіздей сезінетін, қас-қабақтан түсінісетін боласыңдар. Жылуыңды сезінбесе, оның жанына жара салсаң, кері итерсең – ол сенен кетіп тынады. Сенен гөрі лайықтырақ өзгенің қол созғанын көргенде кетіп қалады. Өйткені, әйелге сыйластық пен нәзіктік ауадай қажет.

© Генрик Сенкевич "Без догмата"

Аударған Шынар Әбілдә

Сен үйреттің!
Әйелдің екі түрлі қуаты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу