Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Қазіргі кезде әйелдің күш-қуаты туралы әңгіме көп айтылатын болды. Бұл тақырып өзекті боп барады. Түрлі семинар, тренинг, лекциялар қаптады. Қаншама кітаптар шықты. Яғни, әйел өз қуатын қайта иеленуге құлшыныста деген сөз.
Тек бір нәрсені ашып айту керек. Әйелдің ерекше қуаты туралы көп айтылады. Кейде өзара тығыз байланысты ұғымдар араласып кетеді. Себебі, әйелдің бойында бар екі түрлі қуатты шатастырып жатады. Бірақ олар әр түрлі. Әр қуаттың өзіндік бағыты бар.
Әйелдің тән қуаты
Төменгі қуат нүктелерінің қайнар көзі. Осы қуат көзінің арқасында әйел ұрпақ сүйеді. Себебі, бұл қуат ер адамның құмарлығын оятады. Әйелдің бойындағы дәл осы қуат түрі жігіттің тағатын тауысып, естен тандырады. Кез келген қуат түрі іспетті бұл қуаттың да түр-түсі болмайды. Оны жаман не жақсы деуге болмас. Ол өте керек қуат. Тек дұрыс пайдаланып үйрену қажет.
Егер әйелдің бойында тек осы қуат дамыса, көптеген түйткілдер пайда бола бастайды. Мәселен, мұндай әйелдің айналасына тек төсек қатынасын көксейтін еркектер жиналады. Ешбірі әңгімелесуге құлықты болмайды. Құрбылары (ешкім күйеуін мұндай құрбымен таныстырғысы келмейді, қауіпті ғой!) зым-зия жоқ боп кетеді. Мұндай қуат тасып-толса, жанындағы еркектерге маза жоқ, мұндай әйел жанып тұрған от сияқты арбап тұрады. Отбасыда сыйластық болмайды. Тек төсек қатынасы қалады.
Бұл қуатты дамытудың тәжірибесі интим жаттығулар жасауға, еркектің көңілін аулау мен құмарлығын оятуға ғана бағытталған. Көбіне серігі жоқ қыз-қырқын солай етеді де. Өздеріне тартымдылық жетіспей тұрғандай сезінеді. Бұлай біржақты дамудың ақырында серік табады, бірақ күйеуге шықпай қалуы ықтимал.
Ай қуаты
Себебі, әйелдің бойында тағы бір қуат бар. Оны Ай қуаты дейді. Жоғарғы нүктелердің қуаты. Тазалық пен достықтың, махаббат пен нәзіктіктің қуаты. Бұл қуатты әрдайым пайдалануға болады. Ол еркектің бойындағы құмарлығын оятпайды. Керісінше, қамқор болуға ынталандырады. Әйел үшін жауапкершілік алуға итермелейді. Бұл қуат парасатты азаматтарды тартады. Қарым-қатынасты тереңдетеді. Бұл қуат еркек атаулыға жан тыныштық сыйлайды. Олар әйелдің ай қуатынан өз қуатын еселейді. Мұндай күш-қуат әйел затында туғаннан бар. Бастысы – әйел болмысын сақтаған кезде бұл қуатты әрдайым, әр жерде қолдана алады. Оның зардабы тиеді деп қорықпау керек.
Бірақ бұл қуат маңызды да, тән қуаты керек емес деген ой тумасын. Оның да мәні зор. Тән қуаты болмаса әйел ана болмас еді, бала сүймес еді. Бірақ тән қуатының өз уақыты, орыны, мезеті болады. Жатын бөлмеде – сүйіктіңмен оңаша қалғанда ғана. Сол жерде әдемі ішкиім де, қысқа белдемше де, би де орынды болмақ.
Тән қуатын шектеу әйелді дертке шалдықтырады. Бала тууды қиындатады. Шектен тыс қолдана беру денсаулыққа зиян, жаныңа да қаяу салуы бек мүмкін. Сондықтан өзара балансты сақтау маңызды. Бір қуат - төсек қатынасы үшін. Екіншісі – қалған әлем үшін. Сонда Ай қуатына уақытты жиі әрі көп бөлу керектігі өз-өзінен түсінікті бола бастайды. Ай қуатын дамытқан сайын әйел өз болмысына сай бола бастайды. Осыны әрдайым есте сақтау керек.
Күш-қуаттарыңызды сақтай біліңіздер!
Ольга Валяева
Аударған Шынар Әбілдә