Аз-кем қарым-қатынас жайлы

Oinet.kz 07-11-2019 971

қарым-қатынас.jpg

Жақсы көрген адам бізге қалағанымызды бермейді деуге болады. Яки, оған не қалайтынымызды өзіміз айтпайтынымызды ескерейік. 

Сыңарымыз бізді лайықты деңгейде сыйламайды десек болады. Немесе өзімізді өзіміз лайықты сыйламайтынымызды байқап, соны елге көрсететінімізді ескеруімізге болар еді. 

Серігіміз ақымақ деп айтсақ болады. Немесе өзіміз дұрыс түсіндірмей, ол өзі түсініп алсын деп күтетінімізді байқауымызға болады. 

Серігіміз рухани жетілуге ұмтылмайды, өзін жетілдірмейді десек болады. Немесе өзіміз тым асығыс алға ұмтылатынымызды, кім баяу болса, соған төзбейтінімізді ескеруімізге болар еді. 

Серігіміз өмірде өзіне керек емес нәрсені істейтінін айтсақ болады. Не өзге адамның өмірлік жолына деген төзімсіздігімізді жиып қойсақ болады. 

Серігімізді қорқақ деп атасақ болады. Немесе оның қорқатындығынан өзіміз қорқатынымызды мойындасақ та болар еді. 

Серігіміз қарапайым дүниені көрмейді деп айыптасақ болады. Не осыған байланысты онымен кері байланысты орнатпағанымызды ескеруімізге болар еді.

Серігіміз көп сынайды деп жазғырсақ болады. Ал өзіміз соның айтқанына сенетінімізді байқап, кез келген бағалау – өзіміздің нәзік жанымызды қорғау екенін байқауға болар еді.  

Кез келген сәтте оны кері итеріп, айырылысып кетсек болады. Немесе қай тұста нені өзгертуге нендей ресурс керегін байқауға болады. 

Ол адамды кеудесінен кері итеруге болады. Немесе қазіргі сәттегі жүректегі қуат қайдан келетінін анықтап, қандай қуат екенін ескерсек болар еді. 

Өзгенің бойынан көп нәрсені байқауға болады. Бірақ мұны өзімізді өзгерткенде ғана өзгертетінімізді ұмытпайық.   

Аглая Датешидзе 

Аударған Шынар Әбілдә

Ұл балам жоқ демеңіз!
Чипсы деген - бір картопты бір келі картоптың бағасына сату
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу