Чипсы деген - бір картопты бір келі картоптың бағасына сату

Oinet.kz 07-11-2019 1534

Чипсы.jpg

Нағыз өмір шындығының ережесі: «Гардеробқа тапсырылған ақша мен құнды дүниелер үшін әкімшілік ешқандай жауап бермейді. Нөмірді жоғалтқан адам - 5000 теңге айыппұл төлейді»

***

Ең қатты қорылдайтын адам ең бірінші ұйықтап қалады.

***

Біздің шетелдік сасық тауарларды көп қолданатынымыз ештеңе емес. Мәселе біздің ондай сасық тауарларды да жасай алмай жүргеніміз.

***

«Патриотизм туралы көп айтыла бастады. Шамасы көбірек ұрлап қойған сияқты» (Салтыков Щедрин)

***

Әйел - алма сияқты. Жемісі ұзақ уақыт бағып-қаққанға емес, дер кезінде қолын созғанға бұйырады.

***

Таңертең саяжайға қарай аттанасың, ал кеште құрып кеткір бау-бақшадан үйге қайтасың.

***

Бұрын шұжықты (колбаса) жануарлардың етінен жасайтын еді. Қазір, құдайға шүкір, ондай варварлардың заманы өтіп кетті...

***

Ақымақтарға рахат. Олар қайда барса да өз адамдары кездеседі.

***

Әзіл-қалжыңды жұрттың бәрі түсінеді. Бірақ, тереңдік әртүрлі.

***

Чипсы деген - бір картопты бір келі картоптың бағасына сату.

***

Ақша - бастықтар мен байларға. Патриотизм - кедейлерге. Көнбегендер - экстремистер.

***

Ақша жетпейтін тілек арман деп аталады.

***

Интернет шыққан соң шарбаққа ешкім жазбайтын болды.

***

Егер студенттер оқығысы келмей жүрсе - әскери комиссариат мүлде жұмыс істемей жүр деген сөз.

***

Әке-шешең тірі кезде - жыл сайын өсесің. Әке-шешең өлген соң - жыл сайын қартаясың.

***

Шапалақпен тартып жіберу - ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан дәстүрлі мәлімет беру жолы.

***

-Көзілдірік терлей берсе не істеу керек? - Дезодарант сатып алыңыз.

***

Табиғат бәріне шыдайды. Бірақ, міндетті түрде кек алады.

***

Мансап сатысында өскен кейбіреу мораль сатысымен төмен түседі.

Айшуақ Дәрменұлыны әлеуметтік желідегі парақшасынан

Аз-кем қарым-қатынас жайлы
Есті әйел
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу