Ғажайып

Oinet.kz 07-11-2019 1015

бірге.jpg

Етене жақын адамдарың тән не жан дертін сезінгенде, әлемі шытынап күйрегенде, сенің жай ғана үндемей сөзін тыңдағаның ғажайыпқа есік ашады. Бірге жыла. Бірігіп үндеме. Жаның қиналса да оны қолдайтыныңды сездір. Осы өмірде өзінің орнын табуға көмектес.

Ақылды жауап айтып, жүректі қинама. Өзіңді ұсын. Ақылгөйсіп, өмір сүруді үйретпе. Сынама, қорлама, өзінің шешімін «теріс» дегенге сендіруге асықпа. Құшақта. Жер бетінде жалғыз қалғандай болмасын. Өз қайратын сезінуіне қол ұшын бер. Күшті сезімді кешуге қабілеті бар екенін көрсет.

Досың жан дертін, не тән дертін сезінгенде, өмірдің мәні қалмай жылағанда, жер бетінің ең ғажап дауасы – өзіңнің махаббатыңды ұсын.

Джефф Фостер

Аударған @shinarabelda

Керек адам
Өмір-ойын
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу