Керек адам

Oinet.kz 07-11-2019 938

керек адам.jpg

Сен оған түк әсер ете алмайсың – бәрібір болатын нәрсе болады. Бұл жағдай тура керек кезінде бола салады.

Өмір қиындап кетті ме? Өмір жолында ылғи бөтен адамдарға жолыға бердің бе? Түк алаңдама! Өміріңде саған лайық жалғыз жан қашан келетінін сен шешпейсің. Өмірді жаңа бағытқа бұратын ұстаздың алдына келуіңді де өзің шеше алмайсың. Тағдыр шешеді. Бәрі сен дайын болған кезде орындалады. Неге дәл қазір?

1. Сен соған лайықсың

Бәлкім, рухани өспесем болмайды деп жоспар құрып, ойлау деңгейіңді өзгерткен шығарсың. Бәлкім, сол ізденіс жолында Ғалам мен оның күш-қуатын анық сезіне бастаған боларсың.

Мүмкін басқа бір адамның өміріне позитив әкелген шығарсың. Мүмкін дәл соны өзің де байқамай қалдың. Позитив тарапқа өзің де соны байқамай өте салмайсың. Ғалам да оны ескермей, үндемей қалмайды.

«Керек адам» өмірде жасаған бар жақсылығың үшін берілер марапат болуы да ықтимал.

2. Өзің де байқамастан Ғаламды көмекке шақырғансың

Басымызға күн туғанда түпсана көмек сұрайды. Мұндай белгілер өте мықты келеді. Себебі, өте күшті негатив эмоцияларды тудырады. Қайғы, мұң, айырылу, дерт, күйзеліс, алаң, үрей.

Жаның қайғырып, ол шығарған импульстер сыртқы әлемге таралады. Ғаламның күшімен бірігеді. Ғалам міндетті түрде әр адамның қайғысын естиді. Сосын шын көмектесе алатын бір адамды жолықтырасың.

3. Сенің кармаң жақсы (не жаман)

Бұл фәниде ешкім де басы бүтін кемел емес. Сен де кемелдікке толық жетпедің. Өмір – аузы буылған қап. Іші тола тосынсый. Жақсысы да бар, жаманы да. Сан алуан мүмкіндіктер толып тұр – қате жасау мүмкіндігі де көп, жаңа бірдеңені білу мүмкіндігі де, басқа мүмкіндіктер де өте көп. Бәрі өз орнында тұр.

Игі істерің үшін сені марапаттағысы келетін жақсы адамдар өміріңе өздігінен тартыла бастайды. Не жаман істеріңді айтып, жақсы жолға түсуге көмектеседі.

4. Рухани өсу мүмкіндігіне мұқтаждық

Бір орында тапжылмай тұрғалы көп болды ма? Ондай-ондай боп тұрады. Мұңайма, көмек келе жатыр. Ғалам жер бетіндегі пенделерінің бірі өз әлеуетін толық аша алмай жатқанын байқағанда міндетті түрде сол адамға көмектесетін жанашырды жолықтырады.

Жанашыр кім болады? Кез келген адам. Сенің өмірлік серігің, жаңа досың, ұстазың, мұғалімің, жай көшеден жолығып, бір ісімен шабыт берген бейсауыт адам. Осындай адамдар сені рухани әрі менталды өсуге итермелейді.

5. Саған шегі белгілі көмек керек

Кейде ғалам сенің өміріңе кіріктіретін адамдар өміріңді бастан-аяқ өзгертіп жібереді. Олар сені жайлы ортадан шығарып, жаңа шекараны белгілеу үшін келеді. Өміріңде неге көнуге, кім болуға дайын екендігіңнің шекарасын анықтайды.

6. Сауығу үшін саған уақыт қажет

Әр адамның өмірінде бүкіл күш-қайратын сорып алатын сәттер болады. Өмірге деген ынтаң таусылып қалғандай күй кешіп тұрамыз. Уайым-қайғы мен күйзелістен көз аша алмайтын сәттер... Тірі пенде болған соң онсыз болмас... Содан... Басыңа күн туғанда Ғалам қолдауға әркез дайын тұрады. Ешқашан қорықпа – сен қиналғанда көмек қолын созатын жандар міндетті түрде болады. Жан дүниеңнің сауығуына септеседі.

Сенің өміріңе келген адамдарды Ғалам өзі жетелеп келеді. Олар әдетте өзгеріс әкеледі. Олар айналаңдағы өмірлік күш-қуатты өзгертеді. Бұның бәрі кездейсоқтық емес. Олардың жарығы сенің жарығыңды сезіп келді. Сол келген адамдар мен сенің араңда рухани байланыс орнайды. Сол сыйды алу үшін ғаламға сенуге әзір бол.

Ғаламның игі қуатына жан-жүрегіңмен, санаңмен сен. Сол игілікті алған сәттен бастап өзгерістерді сезіне бастайсың. Өмірге көзқарасыңды өзгертуге ниеттенген сәттен бастап өміріңе дұрыс қуатты тартасың. Дұрыс қуатпен өміріңе керек адамдар енеді.

Аударған @shinarabelda

Адам ішіндегі құбыжық
Ғажайып
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу