Өміріміздегі 1 мен 0-дер
Физмат факультетінің бір профессоры бір күні студенттеріне өмірлік бір сабақ үйрету ниетімен тақтаға үлкен 1 санын сызады да, студентеріне қарап: “Бұл адамгершілігіңіз. Өмірлеріңізде болуы керек ең маңызды қасиет”,- деп түсіндіреді.
Сосын 1-дің қасына 0 санын жазады да: “Ал бұл болса жетістіктеріңіз. Бойыңыздағы адамгершілікке табыс қосылса адам 1-ден 10 бола қалады. Тағы бір 0 – тәжірибеңіз. Тәжірибесі болса адам 10 емес, енді 100 болады” - деп кезек-кезек 0-дерді қоса береді: зеректік, тәртіптілік, сүйіспеншілік… Қосылап тұрған әрбір 0 саны адамды 10 есе байытатынын түсіндіреді ұстаз.
Бір кезде профессор сандар тізбегінің ең басында тұрған 1 санын өшіреді. Сонда тақтада тек 0 саны қалады. Профессор студенттеріне былай дейді: “Адамгершілігіңіз жоқ болса, қалғанның бәрі түк те тұрмайды”.