Махаббат әрдайым қайғы аралас болады
Ялом – басыңа күн туғанда жаныңа демеу болатын ерекше нақыл сөздердің иесі. Біле жүріңіз…
Қарым-қатынас туралы:
Ешкім естімейтін кезде айқайлап ал…
Бір нәрсені санамен және жүрекпен түсінудің арасында терең құз жатыр – өте терең құз.
Романтикалық махаббат көлеңкеде жайқалады, қадалып қарасаң – солып қалады.
Ерте ме, кеш пе кез келген қарым-қатынас аяқталады. Ешбіріне өмірлік кепілдік жоқ.
Өзге жанмен толыққанды байланыс орнату үшін алдымен өзіңмен байланысты ретте. Егер адам өз жалғыздығын түсіне алмаса, онда өзгені жалғыздықтан құтылудың амалы деп қана қарастырады.
Махаббат әрдайым қайғы аралас болады.
Біреуге толық тәуелді болу – бұл бір басқа, ал басқа жанмен тең құқылы өмір сүру – мүлде басқа нәрсе.
Досыңды кешіру дұшпанды кешіргеннен қиын.
Ешкім ешқашан өзге үшін ештеңе істемейді. Іс-әрекеттің бәрі өзімізге бағытталады. Жасаған жақсылығың – өзің үшін жасағаның. Махаббатың – өзіңе арналған махаббат. Тереңірек қазбаласақ – адам басқаларды сүймейді, сол адамның жанындағы өзі сезінетін тамаша күйге елітеді. Әр адам еліткен сезімге ереді, еліткен адамды сүймейді.
дереккөз: kazislam