Өмірдің үлкен тастары

Oinet.kz 06-11-2019 1078

Screenshot_6.jpg

Бір күні профессор жұмырық үлкендігіндей тастар мен 3 литрлік банкані үстелге шығарып қояды да, МВА оқып жүрген оқушыларынан банканы осы тастармен толтыруларын сұрайды. 

Оқушылар осындай тапсырманың түк қиындығы жоқ деп, 2 минут ішінде банканы тастармен толтырады. Профессор “Банка толды ма?” деп сұрағанда, бір ауыздан “толды” деп жауап береді. Оны естіген профессор “ Жауап дұрыс емес ” деп, үстелге майда тастарды шығарып, соларды банканың ішіне салады. Оқушылар бұл жолы да “Енді, толды” дегендеріне “Жоқ” деп, топырақ әкеліп банка ішіне төгеді. 

Банканы шайқап топырақтың түгелдей тастар арасында жайылуын қамтамасыз етеді. Оқушыларға қарап қайтадан банканың толған, толмағанын сұрайды. Бұл жолы оқушылар не айтатындарын білмей “Толмаған шығар” дейді. 

Професор “Иә, әлі толмады” деп, банкаға су құяды. Сосын оқушыларға қарап, осы жасалынғандардан не түсінгендерін сұрайды. 

Оқушылардың біреу:  “Күніміз қаншалықты шаруаға толы көрінсе де, әрқашан басқа жұмыстар үшін уақыт табуға болады, солай ма?” - дейді. Профессор күлімдеп: “Жоқ, алынуы керек сабақ – үлкен тастарды ең басында орналастырмасаңыз, кішкентай тастар мен басқа майда-шүйде нәрселер банканың ішін толтырып, үлкен тастарға орын қалмай қалады” 

Кейін оқушылардың түсінбей тұрғанын көріп, былай деп сұрайды:  “Өміріңіздегі үлкен тастарыңыз не? .. Иманыңыз ба, балаларыңыз ба, отбасыңыз ба, достарыңыз ба, біліміңіз бе, денсаулығыңыз ба, басқаларға пайдалы болу ма, біреулерге бір нәрсені үйрету ме, дүниені кезу ме.. осылардың бәрі ме… өміріңіздегі үлкен тастардың не екенін жақсылап түсініп, олармен өміріңізді ең алдыменен толтырыңыз, әйтпесе мақсатыңызға қатысы жоқ заттармен айналысып, ол тастарыңызды өміріңізге сыйдыра алмайсыз”.

Атамның қарындашы
Жақсылық үшін себептер
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу