Атамның қарындашы

Oinet.kz 06-11-2019 1035

Screenshot_5.jpg

Болат атасының жазу жазып отырғаның көріп: “Біз туралы әңгіме жазып отырсың ба? Мен туралы да жазасың ба?” деп сұрайды. Атасы жазуды қойып, немересіне: “Иә, сен туралы жазып отырмын. Бірақ қолымдағы қарандаш не жазып жатқанымнан да маңызды.. Құдай қаласа, есейгеніңде сен де осы қарындашты жақсы көретін боласың”. Болат қарандашқа қызыға қарап, ерекше ешнәрсе таба алмаған кезде де: “Ата, мына қарандаш басқа қарандаштарым сияқты ғой. Қандай да бір ерекшелігі жоқ қой!” дегенде, атасы: “Қалай қарағаныңа байланысты. Бұл қарандаштың 5 ерекшелігі бар. Егер де осы ерекшеліктерін есепке алып өмір сүрсең, бақытты бола аласың. Ол ерекшеліктер мыналар:

- Керемет нәрселер жасай аласың. Алайда әр жасаған қадамыңды жүргізетін Біреу барын ұмытпа.

- Не жазсам да, анда-санда тоқтап, қарындашты ұштауға қажет уақыт бөлуім керек. Ұштағаным қарандаштың жанына батса да, ұштағаным оның одан әрі жақсаруына себеп болады. Сондықтан кейбір қиындықтарға қарсы шыдамды болуды үйренуің керек, бұл сені одан әрі күшейтеді.

- Қарындаш қате бір нәрсе жазған кезде, қатесін өшіргішпен өшіруге мүмкіндік туғызады. Жасағандарың қате болса, оларды жөндеуге дайын болуың керек және де қате жөндеуден ұялмауың керек.

- Қарындаштың ең маңызды жағы оның қалыбы емес, яғни сыртқа көрінген жағы емес, ішіндегі өзегі. Сондақтан қашан да өзегіне қарап, ең бастысы соны қорғауың керек…

- Ең соңғы ерекшелігі – артынан із тастауы. Тура сол сияқты сен де өміріңде жасаған әр әрекетің бір із тастайтынын ұмытпауың керек, әр қадамыңды абай басуың керек.”

Арман Сқабылұлы. Жаңа жылдық монша және жездем
Өмірдің үлкен тастары
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу