Сүзге ханым жасаған ерлік туралы білесіз бе?

Oinet.kz 01-11-2019 1794

Screenshot_2.jpg

2010 жылдар болса керек Маңғыстау облысының делегация құрамымен Ресейдің Түмен облысына жолым түсті. Біз орналасқан қонақ үйдің колидорына жағалай жез қаңылтырмен жасалған, беймәлім хас сұлудың суретін қаз-қатар ілініпті. Сұрастырам орыстардың өздері «Это – Сузге ханум, казашка, красавица, оставившая за собой целую легенду» деп келіп, тарих қойнауына сүңгіді. Аңыз бойынша, Ермак деген есер қазақ жеріне басып кіріп, орманы көп Түмен жерінен қазақтарды түртпектеп, қару атып, қанға бөктіген екен.Сол жерде сұлулығы мен ақылы астасқан, шоқтығы биік Сүзгедей сұлуға есер Ермак сүзіліпті.

- Некелі жарым боласың, - деген. Ауылдастарының көріп жатқан азабына төзбеген Сүзге ханым: 

- Келісемін, амалым жоқ. Бір шартым бар соны орындайсың, - деп талабын қойса керек. «Айтыңыз-десе, -екі күнге мұрсат бер, мына қалың қазақ орманның ішінен шығып, оңтүстікке үдере көшсін»,- деген. Содан, тайлы-тұяғы қалмай, арба-көшімен қазақтар аман-есен оңтүстікті бетке алып, қарулы жасақтардан бой тасалапты. Шатырға түнеген Ермак екі күннен кейін таңертең шықса Сүзге ханым құз басында тұр дейді. 

- Не болды?,- деп Ермак ентелеп жетіп барғанша, Сүзге: 

- Мен сендік емеспін, - деп құздан әрі құлап кетті дейді. Абай өлеңіндегі : «Етімді шал сипаған құрт жесін деп, Жартастан қыз құлапты терең суға»,- деп бақытсыз баяндалтын өлеңнің оқиғасына да айтылатын мәтін осы сұлу Сүзге ханумның тағдырына келеді.

Нұрлан Қазиұлы

Кісі қолынан қаза тапқан қазақ спортшылар мен ерте үзілген өнер адамдары
Ажал алдындағы махаббат
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу