Кісі қолынан қаза тапқан қазақ спортшылар мен ерте үзілген өнер адамдары
Фотода Мұстафа Өзтүрік
1. Əбдісалан НҰРМАХАНОВ. Қазақ боксының "қара нары
Қазақстанның 10 дүркін чемпионы. КСРО чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері. КСРО халықтары спартакиадасының екі мəрте қола жүлдегері.Азия-Африка ойындарының жеңімпазы.
2002 жылдың 14 маусымында қандықол қарақшы Əбдісалан Нұрмахановқа ту сыртынан оқ жаудырған.
2. Асқар ҚОХАНОВ.Қазақстандық танымал кикбоксшы аса ауыр салмақта əлем жəне Азия чемпионы. 2000 шы жылы белгісіз қаскөйлердің қолынан қаза тапты.
3. Бексейіт ТҮЛКИЕВ. Таэквондадан 6 дан иегері. Білікті жаттықтырушы. 1998 жылдың сəуір айында қазақтың біртуар ұлын көлік тұрағында пышақтап кеткен.
4.Мұстафа ӨЗТҮРІК. Атажұртына алып-ұшып жеткен ұлды, аққа орап Түркияға қайтарған елміз. Кейбір деректерде, қастандықпен улап өлтірген деп жазады
5.Асқар ШАЙҚИЕВ. Самбодан əлем чемпионы.Спорт шебері. 2000 шы жылы қаскөйлердің жаудырған оғынан қаза тапты.
6. Бектас ƏБУБАКИРОВ. Бокстан КСРО жəне Азия чем пионы, Атланта Олимпиадасына қатысушы. 2001 ші жылы достарымен демалып отырғанда оққа ұшты.
7. Бекзат САТТАРХАНОВ. Сидней олимпиадасының чемпионы. 2000 шы жылы ұйымдастырылған жол апатынан көз жұмды делінеді кейбір деректерде
8. Ермек СЕРІКОВ.Жасөспірімдер мен жастар арасында Азияның үш дүркін чемпионы. Англияның Ливерпуль қаласында өткен əлем біріншілігінің күміс жүлдегері. "Қазақтың Тайсоны" атанған жас жүрек, 2009 шы жылы 20 жасында оққа ұшты.
9. Марат ЖЕКСЕНБАЕВ.Допты хоккейден КСРО-ның 19 дүркін чемпионы. Қылмыскерлер өзінің пəтерінде 20 жерінен пышақ салып өлтірген.
10.Ерхан САДЫҚОВ.Ауыр салмақ дəрежесі бойынша кикбоксингтен Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы. 1995 ші жылы мəйіті өзінің жеке көлігінен табылды.
11. Күлəш БАЙСЕЙІТОВА. Театр саңлағы. Қазақ опера өнерінің негізін салушылардың бірі, қоғам қайраткері. КСРО халық әртісі. КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Москваға барған онкүндікте жұмбақ күйде қаза тапқан.
12. Мадина ЕРАЛИЕВА. Қазақтың "Ақбаяны" Қазақстанның халық əртісі. 2000 шы жылы кенеттен жол апатынан қаза болды.
13. Оразəлі ДОСБОСЫНОВ. Айтыстың ақтангері.Шындықты шегіне жеткізе айтатын айбатты ұл, талай жерде жүлдеден қағылды.Жаста болса, айтыстың алмас қылышы атанған асыл ұл, 2004ші жылдың 30 шы қарашасында көлік апатынан көз жұмды.