Елордада студенттер уланып, жұқпалы аурулар ауруханасына түсті

Oinet.kz 10-10-2019 980

Картинки по запросу тамақтан уланып

Нұр-Сұлтан қаласының студенттері қатарынан екінші жыл тамақтан уланып, жұқпалы аурулар ауруханасына түсті. Бұл туралы қалалық тауарлар мен қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Сәдуақас Байғабылов айтты, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі inform.kz сайтына сілтеме жасап.

«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің студенттері екінші жыл қатарынан тамақтан улану салдарынан жұқпалы аурулар ауруханасының түсті. Атап өтерлігі, аталған университетте қоғамдық тамақтану саласындағы қызметті шағын және орта бизнес субъектісі көрсетеді. Қазіргі уақытта студенттердің тамақтан улану факісі бойынша ШОБ субъектісінің қоғамдық тамақтану нысандарында эпидемиологиялық тексеру жүріп жатыр», - деді ол. 

Тексеру нәтижесінде улану себептері анықталып, ШОБ субъектісінің азық-түлік өнімдерін дайындау, тасымалдау және сату барысындағы санитарлық-эпидемиологиялық ережені сақтауына баға беріледі.

«Студенттер осы жылдың 7 қазанында жұқпалы аурулар ауруханасына өткір тактериалды ішек жұқпасымен жатқызылды. Улану дерегіне байланысты кәсіпкер өз бастамасымен қоғамдық тамақтану нысанының жұмысын уақытша тоқтатты», - деді С.Байғабылов.

Мұхамеджан Тазабек: «Біз әлі саяси тұрғыдан балаң халықпыз»
Қызылордада 32 науқасқа тиісті дәрілері мүлдем берілмеген
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу