Деревянченко: «Геннадий реванш өткізуге келісе ме?»

Oinet.kz 08-10-2019 1018

Картинки по запросу Геннадий сергей

Украиналық боксшы Сергей Деревянченко (13-2, 10 КО) Геннадий Головкиннен (40-1-1, 35 КО) реванш алудың оңай еместігін айтты, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі inform.kz сайтына сілтеме жасап.

«Біз одан әрі қарай әңгіме қалай өрбитінін күтеміз. Геннадий реванш өткізуге келіседі ме, ол жағын білмедім. Меніңше, ол Альвареспен үшінші мәрте кездескісі келеді. Ол белдік үшін рингке шыққысы келеді. Оның осы бағыттағы жоспарлары өзі ойлағандай болмай қалатын болса, онда менімен реванш өткізуі мүмкін»,-деді Деревянченко.

Головкин Деревянченконы Нью-Йоркте (США) Madison Square Garden аренасында төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіп, есеп 115-112, 115-112, 114-113 болды. Алайда көптеген сарапшылар мен фанаттарды Головкиннің бұл жеңісі қанағаттандырмай отыр, осы себепті олар реванштың болуын қалайды.

Еліміздің 5 қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады
Атыраулық перзентхана дәрігерлері: «Жұмыс істеуге мұрша беріңіздерші»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу