Трамп Украинадағы соғысты қалай шешеді?
30-10-2024
Сыбайлас жемқорлық – мемлекет саясатының негізгі басым бағыттарының бірі. Оның алдын алу туралы Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаев әр Жолдауында шегелеп айтып келсе, Мемлекет басшысы Қ-Ж.Тоқаев өзінің сайлауалды бағдарламасында жемқорлықтың түп-тамыры жойылғанша күрес жүргізілетінін жеткізді.
Осыған байланысты, бүгін Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Түркістан облысы бойынша Департаментінің қызметкерлері мен Департамент жанынан құрылған «Парасаттылық мектебінің» лекторлық және Арнайы мониторингтік топ мүшелері қазыналы өлке Қазығұрт ауданына арнайы барып, ауданға қарасты барлық мекеме басшылары мен қызметкерлеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
800-ден астам аудан тұрғындары қатысқан шарада 14 мекеменің, оның ішінде мәслихат депуттары мен құқық қорғау органдары, аудан әкімі аппараты мен оның дербес бөлімдері, мемлекеттік кірістер мен статистика, кәсіпкерлер мен төтенше жағдайлар, жұмыспен қамту мен әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, Жастар, дін және этно-мәдени бірлестігі, жұмыспен қамту және халыққа қызмет көрсету орталығы, мектеп директорлары мен ата-аналар, сондай-ақ әскери бөлім мен медицина саласының қызметкерлері қамтылды.
Түсіндіру шаралары барысында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің Превенция басқармасының бас маманы Гүлмира Төлегенқызы сыбайлас жемқорлықты түп-тамырымен жою, әрі оның белең алуына жол бермеу – әрбір қазақстандықтың азаматтық борышы екендігін түсіндіріп, жемқорлықпен түбегейлі қарсы күресу мемлекет үшін айрықша маңызды екендігін атап өтті.
Сондай-ақ, пара алу, пара беру және делдалдық ету - ҚР Қылмыстық кодексінің 366, 367, 368-баптарына сәйкес, жауапкершілікке тартылатынын жіті түсіндіріп, жиынға қатысушы ата-аналарға сыйлық беруге және ұсынуға болмайтындығын ескертті.
Кездесуде «Смаил ата» мешітінің бас имамы Еркін Полатов сөз алып, парақорлық адами тұрғыдан да, мемлекеттік тұрғыдан да ауыр қылмыс, әрі кешірілмес күнә екендігін жеткізді.
Шара соңында слайд арқылы жемқорлыққа қатысты құқықбұзушылықтардың нақты статистикалық мәліметтері көрсетіліп, қызметкерлер назарына арнайы әзірленген бейнеролик ұсынылды.