Алматы тауларынан шаңғышы өлі табылды
16-10-2023
АҚШ Бас консулдығы American Space Almaty Chevron компаниясының қолдауымен Алматыда Ғарыш апталығын өткізіп жатыр, деп хабарлайды baq.kz.
Бүкіл әлемде биыл “Ай жұлдызға апарар жол" тақырыбында Ғарыш апталығы өтуде. Ол Аполлон 11 миссиясының Айға қонуының 50 жылдығына арналған. Осыған орай Қазақстандағы АҚШ дипломатиялық миссиясы Алматыға 2004 жылы NASA 19-ғарышкерлер тобының мүшесін арнайы шақырған.
Шэннон Уокер 2010 жылы Байқоңырдан ғарыш кеңістігіне көтеріліп, 163 күндік экспедицияда болған.
Ғарышкер бүгін алматылықтармен жүздесіп, экспедициялық жұмыстар бойынша презентация жасады.
Шэннон Уокер Байқоңырдан ұшпас бұрын РФ аумағында ұзақ уақыт дайындықтан өткенін айтып берді.
“Біз Ресейде түрлі скафандерлерді кию, онымен жұмыс істеу тұрғысында көптеген дайындық жұмыстарын жүргіздік. Олардың кейбірінің салмағы тіптен 100 келіге дейін тартатын. Мен кішкентай кезімнен ғарышкер болуды армандадым және соған жеттім”, - деді ол.
Жиын барысында ол қала тұрғындарының көптеген сұрағына жауап берді. Сондай-ақ ол “адамдар Марсты игеріп, қала тұрғыза ала ма?” деген сұраққа да жауап берді.
“Қазір Марс, Ай сияқты ғаламшарлар зерттелу үстінде. Олар Жерге қауіп төнген кезде халықты сонда көшіру тұрғысында жасалып жатыр. Қай кезде екені белгісіз, түбі адамзат Марсты игереді", - деді ғарышкер.