Ақтөбеде 8-сынып оқушысы өз-өзіне қол жұмсады

Oinet.kz 04-10-2019 1165

Картинки по запросу асылып өлді

Ақтөбеде 8 сынып оқушысы өз-өзіне қол салды. Жасөспірімді жақындары өз үйінде асылып тұрған жерінен тауып алған, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі Астана арнасына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға жасөсіріпімнің өз үйінде болған. Көршілердің айтуынша, мектептен келген 13 жасар бала спорттық киімнің белдігіне асылып қалған көрінеді. Қыршын кеткен жасөспірім үйінің тұнғышы. Артынан ерген інісі мен қарындасы бар екен. Әкесі бірнеше жыл бұрын өмірден озған. Балаларды анасы жалғыз өзі өсіріп отыр. Отбасы жуырда ғана қалаға Хромтау ауданынан қоныс аударыпты. 

«Оқушы класына жақсы бейімделді. Ешқандай баламен кикілжің болмады. Ашық жарқын бәрін білуге талпынып тұратын лидерлікке бейім болды», - №6 орта мектебінің педагог-психологы Гүлдана Әбішева,

Мектептегі мамандар баланы жақсы жағынан сипаттап отыр. Сондықтан оның мұндай  қадамға баруына не себеп болғанын түсінбей дал. Істі полицейлер анықтап жатыр.

СІМ Ақжарқын Тұрлыбайдың ісіне қатысты пікір білдірді
Батыс Қазақстан облысында жас мұғалім асылып қалды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу