СІМ Ақжарқын Тұрлыбайдың ісіне қатысты пікір білдірді

Oinet.kz 04-10-2019 1299

Картинки по запросу мұхтар тілеуберді

Ақжарқын Тұрлыбайдың ісіне байланысты сыртқы істеп министрі Мұхтар Тілеуберді «Nur Otan» партиясындағы қабылдауда пікір білдірді, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі inform.kz сайтына сілтеме жасап.

«Президент Қытайға барғанда, істі барынша әділ қарау туралы ең жоғарғы деңгейде өтініш білдірді. Дегенмен, өздеріңіз білесіздер, сот процесі әлі жүріп жатыр, сондықтан күтеміз. Сот процесінен кейін бәлкім, оны экстрадациялау кезеңіне өтетін шығармыз», - деді Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді «Nur Otan» партиясындағы қабылдауда тілшілерге берген сұхбатында.

13 қыркүйекте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайға мемлекеттік сапары барысында есірткі контрабандасымен айыпталған отандасымыз Ақжарқын Тұрлыбайға араша түсті .

3 қыркүйекте Гуанчжоу сотында есірткі контрабандасымен айыпталған Ақжарқын Тұрлыбайдың қылмыстық ісі бойынша отырыс өтті. Отырыс барысында қорғаушы тарап ұсынған қылмыстық істің материалдары қаралды.

25 жастағы жігіт смартфондағы ойынды ойнап мерт болды
Ақтөбеде 8-сынып оқушысы өз-өзіне қол жұмсады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу