Шымкентте қарақшылар зейнетақы таратып жатқан поштаны тонап кетті

Oinet.kz 04-10-2019 1023

image.png

Шымкентте зейнетақы таратып жатқан пошта қызметкерлеріне қарақшылық жасап, тонап кетті, деп хабарлайды OINET.KZ сайты inform.kz сайтына сілтеме жасап.

 Қалалық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, осы қылмыс бойынша тергеу шаралары басталды. аталған пошта бөлімшесі қаланың оңашалау жерінде орналасқан.

«Шымкент қаласының пошта бөлімшелерінің бірінде жасалған қарақшылық шабуылға сәйкес ҚР ҚК-нің 192-бабымен «Қарақшылық» сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Қазіргі уақытта қаскүнемдердің жеке басын анықтау және оларды ұстауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде»,- делінген хабарламада.

Әзірге поштадан қанша ақша ұрланғаны және қызметкерлеріне қандай жарақат салынғаны туралы айтылмай отыр.

Мұхамеджан Тазабек өзі жайлы видеоға қатысты пікір білдірді
Ақмолада лауазымды тұлғалардың үстінен қылмыстық іс қозғалды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу