Ақмолада лауазымды тұлғалардың үстінен қылмыстық іс қозғалды

Oinet.kz 04-10-2019 1000

Картинки по запросу сотталды

Ақмола облысы полиция департаменті бастығының орынбасары мен қаржылық қамтамасыз ету басқармасының бастығы сеніп тапсырылған мүлікті иемденді немесе талан-таражға салды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі sputniknews.kz сайтына сілтеме жасап.

"ҰҚК департаментінің ведомствоаралық жедел-тергеу тобы мен полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасы оларға қатысты Қылмыстық кодекстің 189-бабы 3-бөлігі бойынша (сеніп тапсырылған өзгенің мүлкін иемдену немесе талан-таражға салу) қылмыстық іс қозғады", - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

 Бұл бап бойынша кінәлілердің мүлкі тәркіленіп,  екі жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан шектелуі немесе сол мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін, кейбір жағдайларда ірі көлемде айыппұл салынады.

Шымкентте қарақшылар зейнетақы таратып жатқан поштаны тонап кетті
Түркістан облысы тұрғындарының кредиті басқа аймақтарға қарағанда көп кешірілгені анықталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу