Қазақ боксының ақыл-ойы
23-01-2024
Геннадий Головкин украиналық Сергей Деревянченкомен болатын алдағы титулдық тартысына, сондай-ақ барлық айқасқа соңғы жекпе-жегі ретінде қарайтынын айтты, депхабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі inform.kz сайтына сілтеме жасап.
«Менің барлық айқастарым – өткен жекпе-жектер, осы айқас – бір деңгейде. Қарсыласты бағаламауға болмайды. Барлық айқасқа соңғы жекпе-жек ретінде қарау керек. Бұл сенің мінез-құлқыңнан хабар береді. Мен ешқашан қарсыласымды бағаламаған емеспін», - деді Головкин
Геннадий Головкиннің Сергей Деревянченкомен айқасы 6 қазан күні таңертең Нью-Йоркте (АҚШ) Madison Square Garden аренасында өтеді. Боксшылар IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы белбеуіне таласады.