Көкшетаулық 40 тұрғын баспаналы болды

Oinet.kz 30-09-2019 951

Сурет inform.kz сайтынан алынды

«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша ұзақ жылдар бойы пәтер кезегінде тұрған Көкшетау қаласының 40-қа жуық тұрғыны жаңа баспананың кілтіне ие болды. деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі inform.kz сайтына сілтеме жасап.

Көкшетау қаласының әкімі Амангелді Смайылов баспаналы болған тұрғындырға жаңа пәтердің кілтін өзі салтанатты түрде тапсырып, қуаныштарымен құттықтады. Баспаналы болғандардың арасында көпбалалы отбасылар, жетімдер мен мүгедектер бар.

Жаңа пәтер алу үшін 15 жыл бойы баспана кезегінде тұрған Бибігүл Қадырқызы өңірде халықты баспанамен қамтамасыз ету бағытындағы «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының ойдағыдай жүзеге асырылып жатқандығы үшін қала басшысына алғысын білдірді.

«Көптен күткен қуанышыма қол жеткізіп отырмын. Жаңа екі бөлмелі пәтердің кілтін алдым», - дейді қуаныш иесі.

«Нұрлы жер» бағдарламасы: 40-қа жуық көкшетаулық пәтерлі болды

Имам Нұрлан қажы ата-анасының аяғын жууды тек Instagram үшін жасайтындарды сынады
Психолог Құралай Ошақбаева байлыққа құштар келіндер одағын құрмақ
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу