Трамп Украинадағы соғысты қалай шешеді?
30-10-2024
Бүгін «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» РМҚК мәжіліс залында Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Дін мәселерін зерттеу орталығы» КММ мамандарымен «Дін және діни экстремизм» тақырыбында кездесу өтті.
Кездесу барысында «Дін мәселерін зерттеу орталығы» КММ-нің директоры міндетін атқарушы Медет Халықов «Деструктивті діни ұйымының психологиялық портреті» тақырыбында баяндама жасап, бейне материалдар көрсетті. Баяндамада қазіргі қоғамдағы дәстүрлі дінге жат діни ағымдардың ұстанымдары мен ерекшеліктері жайлы жан-жақты түсіндірілді.
М.Халықов қорық-музей қызметкерлерімен пікір алмасып, сауалдарға жауап берді.
Кездесу соңында «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-не «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің баспа өнімдері сыйға тартылды.
«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық — музейінің баспасөз қызметі