Алматы облысында телефон қуаттағышынан 15 жасар қыз көз жұмды

Oinet.kz 30-09-2019 1059

Screenshot_1.jpg

Алматы облысы Қаратал ауданындағы Бастөбе ауылында ұялы телефонын қуаттау үшін токқа қосып, ұйықтап қалған оқушы қыз мерт болды. Дәрігерлердің сараптамасы бойынша жеткіншекті тоқ соққан деп хабарлайды ҚазАқпарат-қа сілтеме жасаған Oinet.kz.

Ол ұялы телефонын зарядтау үшін тоққа қосып, ұйықтап қалған.

28 қыркүйек күні таңертең жасөспірімнің көз жұмғаны белгілі болды. Алматы облыстық Полиция департаментіндегілер қайғылы оқиғаны растады.

«Марқұмның денесінде қинап өлтіру белгілері жоқ. Дәрігерлердің сараптамасы бойынша, жасөспірімды тоқ соққан. Тергеу жұмыстарын Қаратал аудандық Полиция бөліміндегілер жүргізіп жатыр», - деп мәлімдеді аталған ведомство қызметінен.

«Дін және діни экстремизм» тақырыбында кездесу өтті
Имам Нұрлан қажы ата-анасының аяғын жууды тек Instagram үшін жасайтындарды сынады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу