Жұмыс тауып беремін деп 20 миллион теңгесін қағып кеткен

Oinet.kz 26-09-2019 941

Картинки по запросу алаяқтар

Атырауда алаяқ азамат бірнеше адамға үй мен жер алып беруге, жұмысқа орналастыруға уәде беріп 7 адамды тұзағына түсірген, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі inform.kz сайтына сілтеме жасап.

«Сотта анықталғандай, айыпталушы А.М. адамдарды жұмысқа орналастыруға, пәтер және жерді тез алып беруді уәде етіп, алаяқтық жолмен 7 жәбірленушінің ақшасын иемденген. Жалпы шығын сомасы 19 600 000 теңгені құрады. Нәтижесінде жәбірленушілер құқық қорғау органына арызбен жүгінген. Сот отырысында сотталушы А.М. кінәсін толық мойындап, процестік келісім жасауға ниет білдірген», - деп хабарлады Атырау қалалық №2 сотының баспасөз қызметінен.

Кінәлі азамат кінәлі деп танылып, оған 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жәбірленушілердің азаматтық талаптары қанағаттандырылды. Үкім заңды күшіне енді.

ФИФА басшысы Криштиану Роналдуға неге өкпелі?
Музей қорындағы мата бұйымдарын зерттеу, сақтау жұмыстары бойынша семинар өтті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу