Мектепте орамал тағатын оқушысы бар ата-аналарға айыппұл салынады

Oinet.kz 26-09-2019 1185

Картинки по запросу орамалды қыз

Сурет ztb.kz сайтынан алынды 

Алматыда жалпы білім беретін №97 мектепте қызы орамал тағатын ата-анамен теолог-сарапшы маман кездесті, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі inform.kz сайтына сілтеме жасап.

Теолог, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Дінтану және мәдениеттану кафедрасының аға оқытушысы, PhD докторы Бағашаров Құдайберді Сабыржанұлы шақырылған ата-анаға Қазақстанның зайырлы мемлекеттік жүйесінде, соның ішінде зайырлы білім беруге жауапты орта білім беретін мемлекеттік мекемелерде қандай да бір діни атрибутиканы кіргізуге заң бойынша рұқсат етілмейтінін түсіндірді.

«Діни қызмет және діни бірлестіктер» заңында діни сенімін алға тартып заң міндеттейтін міндеттемелерден бас тартуға болмайтындығы ашық жазылған. Бұған қоса, ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылғы №26 бұйрығы да мектепішіндегі тәртіпке және бірыңғай мектеп формасының міндеттілігіне орай қыз балалардың орамал тағып, мектепте жүруіне тыйым салады. Бұған қарап, мемлекет дін өкілдерін қудалап жатыр деген ой тумауы тиіс. Мемлекет өз тарапынан дінді ұстануға барлық жағдайды жасауда. Жалпы, көшеде орамал тағуға тыйым жоқ, намаз оқуға тыйым жоқ. Мектептер де мемлекеттік оқу орындары болғандықтан, ол жер мемлекет белгілеген тәртіппен жұмыс істейді. Орамалға бола қыз баланы мектептен шығарып алып, оқытпай қою да дұрыс емес. Кейбір ата-аналар жақын шетелдерге қашықтан оқытуға өтіп жатыр. Дегенмен, бұл жерде мемлекет қаражат бөліп, тегін оқытып жатқандықтан, мектептің ішкі талаптарына бағынған жағдайда баланың білім алуына ешқандай кедергі жоқ. Кері жағдайда заңды түсіндіру жұмыстарын мектептер әрдайым жүргізеді. Әрине, заңмен қорқыту ойымызда жоқ. Дегенмен бірнеше рет түсіндіру жұмыстары жүргізілгеннен кейін бағынбаған ата-аналарға он айлық есептік көрсеткіш бойынша айыппұл да салынатынын ескертеміз», - деді дінтанушы маман.

Кездесу барысында келген ата-аналар да өздерінің уәждерін жеткізді. Олар қыз баланың балиғат жасына толуымен оған орамал тағу, шашын жасырып ұстау, құран талабын орындау міндетті болатынын алға тартты.

«Исламда балиғат жасына толған қыз баланың орамал тағуы парыз екені талассыз. Жалпы, қоғамдық ортада орамалға тыйым жоқтығы да сондықтан. Мемлекет оның парыздығын жоққа шығармайды. Дегенмен, орта білім беру мекемелері мемлекетке қарағандықтан, оның ішкі тәртібін мемлекеттің тиісті органдары белгілейді. Елдегі діни бірлестіктер балаға діни тәрбиені үйде беруі тиіс. Орамал жағдайымен бала тек мектеп ішінде жүре алмайды, ал мектептен тыс өз еркі өзінде. Әрине, балаға діни тәрбие беруге ата-ананың құқы бар. Бұл талап бүкіл республика мектептеріне ортақ талап. Сол себепті ата-аналарды ортақ заң талаптарына бағынуға шақырамыз», -дейді сарапшы маман Құдайберді Сабыржанұлы.

Сенатор: «Қазақстанда сөз бостандығы жоқ деп кім айта алады?»
Маңғыстаудағы түрмеде жазасын өтеушілер неліктен аузын тігіп, өздеріне аштық жариялаған?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу