Сенатор: «Қазақстанда сөз бостандығы жоқ деп кім айта алады?»

Oinet.kz 26-09-2019 1243

image.png

Сенатор Бақытжан Жұмағұлов БАҚ өкілдері мен құрылтайшыларына, ғаламтор желісінде отырған блогерлерге, сондай-ақ, әртүрлі партиялар мен қоғамдық ұйымдардың жетекшілеріне, саясаткерлер мен үкіметтік емес ұйымдардың мүшелеріне үндеу жолдады, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі sputniknews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Қазақстанда сөз бостандығы жоқ деп кім айта алады?! Деректерге қарасақ, елімізде 2700-ден астам БАҚ тіркелген. Олардың 70 проценттен астамы әртүрлі партиялар мен қоғамдық ұйымдарға тиесілі. Оған ғаламторды қосыңыздар. Яғни ақпарат алу мен таратудың мүмкіндіктері жеткілікті. Ашық саясатта жүргендіктен, мемлекеттік қызметкерлер, әртүрлі деңгейдегі депутаттар орынды-орынсыз айтылып жүрген сындарға төзімділікпен қарайды?», - деді депутат Бақытжан Жұмағұлов сенаттың жалпы  отырысында.

Қазіргі таңда әлеуметтік желілерде жалған ақпаратқа көз жеткізбей тұрып соған сеніп, пікір білдіретіндерді сынады. 

«Интернетті ашып қалсаңыз, әлеуметтік желіге көз салсаңыз, бірде Түрікменстанның президенті, бірде Ресейдің президенті о дүниелік болып кетіпті деп, өздері көзбен көргендей тамсанып жазады. Өзіміздің елге қатысты жаңсақ ақпаратты да оқып қаламыз. Мұндай көріпкелдік пен сәуегейліктің құны қанша? Болмаса, президент өмірден қашан өтеді деп саяси болжам жасайды. Не мұсылмандық, не христиандық діни ұстанымға келмейтін, не адами болмысқа жатпайтын өтірік ақпарат үшін кім жауапты?», - дейді депутат.

Сенат депутаты артық әңгімеге құмар болмай, тәубеге келуге шақырды.

«Бәріміз Құдайдың құлымыз, дәм таусылған күні бұл фәни дүниеден озамыз. Сондықтан да адам деген атқа лайық болайық, ұлттық құндылықтарымызды сақтайық, сөз бостандығы дегенді желеулетіп, шындыққа күйе жақпайық», - деді ол.

Прокурорды пәрелеймін деп 22,5 миллион теңгеден қағылды
Мектепте орамал тағатын оқушысы бар ата-аналарға айыппұл салынады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу