Бірнеше автокөлік соқтығысып, сегіз адам зардап шекті
Алматыда 25 қыркүйек түнгі 22:45-тер шамасында бірнеше автокөлік соқтығысып, салдарынан 8 адам зардап шекті, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі inform.kz сайтына сілтеме жасап.
«БМВ көлігінің жүргізушісі, 1996 жылы туған А. Рысқұлов даңғылымен батыс бағытта келе жатып, жол бойында белгісіз көлікпен соқтығысқан. Одан кейін «БМВ» жолдың қарсы бағытына өтіп кетіп, ақ түсті «Toyota» автокөлігіне соғылған. Кейін шығысқа қарай келе жатқан «LIAZ» автобусымен соқтығысқан. Сонда да тоқтамай, әрі қарай кете берген «БМВ» көлігі батыс бағытта келе жатқан екі «Toyota Camry» көлігімен соқтығысты», - деп түсіндірді Алматы қалалық ПД.
Оқиға бойынша ҚР ҚК 345-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Өндіріс аясында тиісті сараптама тағайындалады.