Қазақстанда көлік бағасы ертеңнен бастап арзандайды
Қазақстанда көлік бағасы ертеңнен бастап арзандайды. Бұл туралы қоғам белсендісі Санжар Боқаев Facebook парақшасында мәлімдеді деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
"Менің керемет жаңалығым бар!!!
Мен жаңа ғана Toyota, Nissan, Volkswagen ресми дилерлерімен сөйлестім. Ертеңнен бастап олар жаңа көліктердің бағасын – утильалымның төмендеген сомасына азайтады. Менің есептеуім бойынша, бұл орташа есеппен бір көлікке шамамен 700 мың теңгені құрайды.
Бұл керемет емес пе! Бұл сізбен бірге ұзақ та тынымсыз жұмысымыздың нәтижесі! Бұл бекер емес екенін білу өте жақсы. Қолдауыңызға рахмет! Бірлескен күш-жігер арқылы ғана біз азаматтарымыз үшін жақсылыққа қол жеткізе аламыз!!" - деп жазды Санжар Боқаев.
Еске сала кетейік, бүгін Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр «Хабар24» телеарнасына берген сұхбатында утильалым бағасының төмендетілгенін айтты.Ол жаңа тарифті атады. Енді автокөлік және ауылшаруашылығы техникасына утильалым 50 пайызға дейін төмендетіледі.